«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Глубокое аудандық қазынашылық басқармасында Глубокое аудандық сотының маманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Глубокое аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері және сот мамандары қатысты.

Бұл шарада бас маман Ж.Еренбақов «Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңның басты бөлімдерімен таныстыра отырып, жемқорлықтың алдын-алудың басты бағыты болып, қызмет көрсету стандартын енгізу болып табылатындығын атап өтті. Ұзын соңар кезектер, көптеген құжаттардың берілуі, дөрекі қызметкерлер, осы жағдайлардың барлығы жай адамға барлық іс-шараларды адал өтуден қарағанда, жемқорлық жолына бағыт алу оңай болып көрінетіндігі анық.

Сонымен қатар, бас маман өз сөзінде, жемқорлықпен күресу бұл бір ғана адамның міндеті ғана емес, бұл барша халық болып мемлекеттік мекемелерде жемқорлықтың алдын-алу үшін бірлесіп жұмыс жасау және мемлекетік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерің арасында жемқорлық фактілерін болдырмауын қадағалау керектігіне тоқталды.

Шараның сонында, Ж.Еренбақов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңың түсіндіру жұмыстары және оның алдын-алу үшін мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын қызметкерлердің арасында үнемі осындай шаралар өткізіліп тұратынын  айта кетті.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі