Шетелдік азаматтар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық соты  ӘҚБтК-нің 517-бабы, 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстан азаматтары М.Хусанов, А.Снятовский және Ресей азаматы И.Власовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта көші-қон полиция қызметкерлерінің тексеруі барысында, тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мекен-жайда тұрмаған үш шетел азаматтарына қатысты, ҚР аумағында шетел азаматтарының болу ережесін бұзғандығы анықталған.

Сот  қаулысымен М.Хусанов, И.Власов және А.Снятовский ӘҚБтК-нің 517-бабы, 2-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағандары үшін кінәлі деп танылды. М.Хусанов пен  И.Власов әкімшілік жаза ретінде  бір тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. А.Снятовскийға әкімшілік жаза ретінде мемлекет пайдасына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 31 815 теңге сомасында айыппұл салынды.

Қаулы  заңды күшіне енді.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі