Қазақстан аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық соты  ШҚО ІІД-ның арызы бойынша О.Шуваловты Қазақстан аумағынан шығару туралы азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан О. Шувалов Қырғызстан азаматы екендігі, Қазақстан Республикасында қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Сот үкімімен О. Шувалов  ҚК-тің 181-бабы, 3-бөлігі, "в" тармағы,  ҚК-тің 125-бабы, 2-бөлігі, "а,в,д,з" тармақтары бойынша мүлкін тәркілеумен қатар, 8 жылға  бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. 

ҚР "Шетелдіктердің құқықтық жағдайлары туралы" Заңының 28-бабы, 1-бөлігі, «в» тармағына сәйкес, шетелдік азамат Қазақстан Республикасының  заңнамасын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлі түрде еркінен тыс шығарылады.   

Сот шешімімен ШҚО ІІД-нің шетелдік О.Шуваловты Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жайлы арызы қанағаттандырылды.

 Шешім  заңды күшіне енді.

        

Өскемен қалалық сотының

 баспасөз қызметі