Глубокое аудандық сотында «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотында БАҚ тілшілерінің, прокуратура, аудандық полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Б.Касенов 2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот қызметі жөнінде баяндады, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша статистикалық көрсеткіштерді атап өтті, сонымен қатар, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтырамен бөлісті.

Б.Касенов өз сөзінде, бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам. Баршаға арналған заманауи мемлекет» Ұлт жоспары анықталған. Онда  еліміздің судьялар корпусының алдындағы басты тапсырмалары нақты айқындалған. Президенттің Заң үстемдігіне қаншалықта маңызды назар аударатындығына, «100 қадамның» 11-і сот жүйесін жетілдірудің қарқынды әрекеттеріне бағытталғаны дәлел. Сот корпусы үшін, сот төрелігінің сапасын және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, сот процестерінің ашықтылығы мен қол жетімділігі, сот жүйесінің имиджін жақсарту, сонымен қатар, судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды болып табылады.

Сот төрағасы, 2015 жылмен салыстырғанда сот төрелігін  атқарудың сапасы айтарлықтай артқанын атап өтті. Қылмыстық  істер  бойынша – 64 іс, қаралған, жойылған және өзгертілгендер болған жоқ, қаралған 203 азаматтық істер бойынша 1 шешімге өзгерту енгізілген, және әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша 1 қаулы жойылған. Медиация тәртібінде 12 қылмыстық іс, 18 азаматтық істер және 13 әкімшілік істер қаралған. Азаматтық істердің барлығы және 223 әкімшілік істер  сот кабинеті арқылы түскен.

Сот төрағасы  2016 жылдың 4 сәуірінен бастап Жоғарғы Сот «сот кабинеті» сервисін қолданушылар мен сот процестеріне қатысушылардың арасында онлайн-сауалнама жүргізе бастағанын конференция қатысушыларының назарына ұсынды.

Аталған сауалнама азаматтардың соттарының қызметіне деген қанағаттану деңгейін анықтау үшін, сонымен қатар, жүргізіліп отырған реформалар шеңберінде, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған.

Сауалнама жүргізудің нәтижесінде, соттарда ақпараттық технологияларды енгізу туралы, сот инстанцияларының санын қысқарту, сот процестерін жүргізуде судьялардың кәсіби және мәдени тұрғыда өзін-өзі ұстауы, сот жұмысының сапасына қанағаттандырылу деңгейін анықтау  жоспарланған.

Сонымен қатар, сот жұмысын арттыру бойынша респонденттерден ұсыныстар жиналатын болады. Қазақстанның барлық өңірлерінен сот процестеріне қатысушылар аталған сервиске тіркелген тұлғалар респонденттер ретінде қатыса алады.

Баспасөз-мәслихаты барысында Б.Касенов қатысушылардың және «Огни Прииртышья» аудандық  газетінің тілшілерінің барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

   

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі