Әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін жаза қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 4-бөлігінде (әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер)  қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат М.Қамзабековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азамат М.Қамзабеков өзінің автокөлігін жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйінде басқарғандығы анықталды. Бұрын М.Қамзабеков ішімдік ішкен күйінде автокөлікті  басқарғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған,  2 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, жаза мерзімінің өтуіне байланысты жүргізуші куәлігін алған.

Сот іс материалдарын зерттеп, М.Қамзабековтың әрекетінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының, 4-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бар деген қорытындыға келген, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін қолданылған әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттері үшін сот қаулысымен он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі