Курчатов қалалық сотында «Сот кабинеті сервисін пайдаланушылар арасындағы Оnline сауалнама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында «Сот кабинеті сервисін пайдаланушылар арасындағы Оnline сауалнама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қалалық соттың судьясы А.Сыздықов, адвокат С. Скворцов, қала прокурорының көмекшісі  Е.Базарбеков және заңды тұлғалардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында судья қатысушыларға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2016 жылдың 4 сәуірінен бастап  «Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар арасында Оnline сауалнама жүргізілетінін айтып, сауалнаманың мақсаты сауалнамаға қатысушы респондеттерінің арасында соттарға жаңа технологиялардың еңгізілуі, сот сатыларының қысқаруы және соттардың қызмет көрсету деңгейі мен ашықтығы туралы ойларын білу екенін жеткізді және де респондеттерге соттардың жұмысын жақсартуда өз ұсыныстарын білдіруге болатынын айтып өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тақырып бойынша өз ойларын білдірді.

 Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі