Архив событий

07/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилер соты туралы» тақырыпта түсіндіру жұмысы өткізілді

07/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабилер соты туралы» тақырыпта түсіндіру жұмысы өткізілді

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б. Ә.Кәсенов алқабиге кандидаттарымен кездесу өткізіп, сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу процесі мен алқабилер қатысатын соттың істі талқылау ерекшеліктеріне түсіндіру жұмысын жүргізді.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді

07/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19   (09 наурыз 2006  жылғы №2 және  25 маусым  2010 жылғы №17  Нормативтік Қаулысын өзгертілген және толықтырулармен)  «Сот үкімі туралы»  Жоғарғы Соттың Нормативтік Қаулысын зерделеу бойынша  судьялар арасында семинар сабағын өткізді.

Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

07/09/2017

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының, 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет) бойынша құқық бұзушылық жасаған З.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік жауапкершілік қарастырылған іс медиация тәртібінде қысқартылды

07/09/2017

Тарбағатай аудандық сотымен, денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіргені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, Тарбағатай ауданы Екпін ауылының тұрғыны С. сөзге келісіп қалған  енесі М.-ға  жеңіл дәрежеде дене жарақатын салғаны анықталды.

Сот отырысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы медиация тәртібімен татуласып, бұл жөнінде сотқа медиация туралы келісімді табыс етті.

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін жаза тағайындалды

07/09/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 188-бабының, 2 бөлігінің, 3-тармағымен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін М.-ға  қатысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен  қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы саяжай аумағына заңсыз кіріп егілген  14 400 теңге тұратын 240 бас сарымсақты ұрлап, қылмыс орнын тастап кеткен.

Жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда

07/09/2017

Тарбағатай аудандық соты, Қазақстан Республикасы Судьяларының VII-съезінде Елбасымен қойылған тапсырмаларды іске асыру және дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен шешу тетіктерін одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 26 қаңтар 2017 жылғы өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» ережені жүзеге асыру мақсатында шаралар атқарды.

Медиация тәртібінде

07/09/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлімі (ұрлық- біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау) бойынша  Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы «Төрелік» жүйесіне енгізу» тақырыбында семинар өтті

07/09/2017

«Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы «Төрелік» жүйесіне енгізу» тақырыбындағы семинарға судья  А.А.Байжуменова, кеңсе меңгерушісі Т.Т.Тоқтарбеков және кеңсе мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Т.Т.Тоқтарбеков сот актілері мен хаттамаларды бағдарламаға уақытылы енгізу жұмыстары жайлы ақпаратпен таныстырып, кеңсе мамандарына заңнама мен қызметтік нұсқаулық талаптарын қатаң сақтауды ескертті.                                                                                                    

Сот үкімімен үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырып, 200 (екі жүз) сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

07/09/2017

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (әрі қарай ҚК) 346-бабы 1-бөлігімен К,-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушының 2014 жылғы 26 наурыздағы сот қаулысымен көлік құралдарын басқару құқығынан төрт жыл мерзімге айырыла тұра, Тарбағатай ауданында «Субару Легаси» маркалы көлігін алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Cот үімімен айыптыға 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, жылына 240 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылды

07/09/2017

Тарбағатай аудандық сотында И-ге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (ары қарай ҚК) 191 бабы 1 бөлігімен айыптау туралы қылмыстық істі қаралды.

Басты сот талқылауында қылмыстық іс қозғауға негіз болған, ШҚО Тарбағатай ауданы Жәнтікей аулының тұрғыны И. жәбірленуші М-ның үстіне киген киімінің қалтасындағы 1 сауыт «Пшеничная» маркалы арағын суырып алып, оқиға орнынын қашып кеткені бекіді.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында оқушылар арасында сот отырысының көрсетілімі өткізілді

07/09/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында кәмелетке жасы толмаған, орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына қылмыстық жазалану әрекеті мен әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараға Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы м.а. А.Байжуменова, Ұлан аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандардың ісі бойынша бөлімінің инспекторлары және орта мектептің мұғалімдері үлес қосты.  

ШҚО-да банк қызметкері алаяқтық жасағаны үшін сотталды

07/09/2017

Өскемен  қаласының  №2  сотында  С-қа  қатысты  ҚР ҚК-нің 190- бабы, 3-бөлігі, 1- тармағы (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке, ірі мөлшерде, құқықты иемдену) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Бесқарағай аудандық сотымен 2017 жылдың 8 айындағы нәтижелері қорытындыланды

07/09/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі Л. Шахворостованың қатысуымен 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмысының нәтижесін қорытындылау мақсатымен сот төрағасы А.А.Абдрахмановтың төрағалық етуімен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасымен ұйымдастырылған осы іс-шараға судья А.Калиев,  кеңсе меңгерушісі М.Алимханова және соттың кеңсе мамандары қатысқан болатын.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/09/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 107-бабының, 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін А.-ға  қатысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен  қаралды.

Сотта анықталғандай, жанжал барысында кенеттен пайда болған жағымсыз жағдайлардан кейін сотталушы жәбірленушінің денесінен ағаш таяқпен бірнеше рет соққылар жасаған.

Медиатор екі жақты татуластырды

07/09/2017

Үржар аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің  188-бабы, 2-бөлігі, 3-ші тармақтарында көрсетілген (ұрлық, яғни тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру)  қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азамат П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың 8 айындағы атқарылған сот жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

07/09/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Руслан  Омаровпен 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз маслихаты өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы соттың 8 айлық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Бесқарағай аудандық сотында «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07/09/2017

Бесқарағай аудандық сотының төраға міндетін атқарушы А.Калиев «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараның мақсаты – Азаматтық процестік кодекстің 12 тарауының іс жүзінде қолданылуын талқылау болып табылады.                                                         

Пошта байланыс бөлімінің бастығы ақша қаражатын иемденгені үшін сотталды

07/09/2017

Өскемен  қаласының  №2  сотында  А-ға  қатысты  ҚР ҚК-нің 189- бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша (мемлекеттiк функцияларды  орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам  не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса) қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

07/09/2017

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігімен  (ұрлық)  С.-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы С. жәбірленуші И. жалдап отырған пәтерде болып, пайдакүнемдік ниетпен соңғысына тиесілі, құны 5500 теңге тұратын «SCOVO» маркалы табасын жасырын ұрлап кеткен.

Өзінің қылмыстық әрекетімен сотталушы С. жәбірленушіге 5500 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.