Архив событий

25/09/2017

ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы жиын өткізді

25/09/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот қызметкерлерінің қызметтік әдеп талаптарын сақтау және ШҚО Соттар Әкімшісінің жұмыстарын жандандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Жиынға ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай, облыстық соттың кеңсе меңгерушісі Р.Қ.Набиев, бөлім басшылары, облыс соттарының кеңсе меңгерушілері, Соттар Әкімшісінің аппараты қатысты.

Медиация институтын насихатту мақсатында ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамндандырылған ауданаралық соты мамандарымен семинар өткізілді

25/09/2017

Семей қаласының  Ювеналды сотының мамандары «Пилоттық жоба аясында медиацияны қолдану» тақырыбына семинар өткізді.

Семинар «Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мемкемесінде өткізілді.

Пилоттық жобаның жүзеге асыруы мемлекет Басшысының тапсырмасы негізінде басталды: дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу.

Өскемен қаласының №2 сотында студенттермен кездесу өтті

25/09/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і заң факультетінің 2-курс студенттерімен кездесу өткізілді.

Экскурсия жасау барысында студенттер сот мәжілісі хатшысының, сот кеңсесінің, мұрағаттың, кодификацияның жұмыстарымен таныстырылды. Дыбыс-бейне жазба жүйесінің құрылғылары орнатылған сот мәжілісінің залдары, медиация бөлмесі көрсетілді. 

«Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру»

25/09/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру» бойынша семинар өткізілді.

Аталған іс шараға ішкі істер органының өкілдері, кәсіби емес медиаторы және коммерциялық организацияларының өкілдері қатысты.

Медиация тәртібімен қысқартылды

25/09/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен ҚК 131-бабының 1-бөлігімен  (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Д. Барлық ауылында орналасқан жәбірленуші К.-нің үйіне келіп,  абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсіз түрде кемсіткен.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Риддер қалалық сотында «Аудио - бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібі» тақырыбында семинар өтті

25/09/2017

Риддер қалалық сотында   «Аудио - бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібі» атты тақырыбында мемлекеттік қызметкерлердің арасында семинар өткізілді.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

25/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында К. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-ның 188 бабы 1 бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс қаралды.

К. есімді азамат  Т.-ның ауласына заңсыз кіріп жасыл түсті велосипедті көріп, оны өзімен бірге сүйреп, үйіне апарып, велосипедтің алдыңғы дөңгелегін шешіп, өзінің бас пайдасына асыру мақсатында үйдің шатырына жасырып қойып, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, жәбірленуші Т.-ға 15 000 теңге материалдық залал келтірген.

Пара алғаны үшін сотталды

25/09/2017

Семей қаласының №2 сотымен пара алғаны үшін «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ филиалының Семей қаласының Жүк Тасымалы бөлімі басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Іс материалдарына сай сотталушы «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ филиалының Семей қаласының Жүк Тасымалы бөлімі басшысының орынбасары, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға теңестірілген тұлға бола тұра:

«Мұрағат істерін қалыптастыру және жоғары тұрған сот органдарының сұранымдары бойынша жолдамалар тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

25/09/2017

Тарбағатай аудандық сотында мамандардың қатысуымен «Мұрағат істерін қалыптастыру және жоғары тұрған сот органдарының сұранымдары бойынша жолдамалар тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының психологы дөңгелек үстелге қатысты

25/09/2017

Семей қаласының ювеналды сотының психологы «Қоғамдағы зорлықты болдырмау» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Шараны ұйымдастырушы – «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы зорлықтың санын төмендету үшін профилактикалық шараларды әзірлеу.

Дөңгелек үстелде қарастырылған маңызды сұрақтар: қоғамда зорлықтың пайда болатын негізгі себептерін, ілескен факторларын, түрлерін, отбасында кездесетін зорлық және олардың алдын алу шараларын анықтау.

Аягөз аудандық сотында брифинг өткізілді

25/09/2017

Аягоз аудандық сотында судья К.П. Халелованың ұйымдастыруымен Аягөз аудандық прокуратурасы, Аягөз гарнизоның әскери прокуроры, Аягөз АІІБ-нің, Аягөз гарнизонының тергеу бөлімінің лауазымды қызметкерлерінің қатысуымен “Сот санкциялауы, санкциялау бойынша өзекті сұрақтар” атты тақырыбында брифинг өткізілді.

Аталған брифингте, қатысушы лауазымды қызметкерлер, судьялардың баяндамасын тыңдап, санкциялау бойынша өздерін мазалайтын өзекті сұрақтарын қойып, өзекті сұрақтар бойынша тұжырымды жауаптар алып, пікір алмасты.

 

«Гендерлік саясаттың дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/09/2017

Жарма аудандық сотында «Гендерлік саясаттың дамуы» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.  

Дөңгелек үстел жұмысына Жарма ауданы сотының төрағасының м.а. судья Л.Ж. Ақалаева, судья машықтанушысы С.Р.Торгаев, кеңсе меңгерушісі М.З.Құсманова, бас мамандар - сот мәжілісінің хатшылары Б.С.Жаныбекова, Р.Б.Амангельдинова, аға сот приставы С.М.Сағындыков, ШҚО МКҚБ-ның өкілдері –К.М.Акимжанов, А.Тельманов, ШҚО ҚАЖД-нің Жарма ауданының №1 пробация қызметінің өкілдері А.Т.Ансабаев, А.У.Ташмухаметова, М.Ш.Баймулдинов қатысты.

«Медиация – татуластыру рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/09/2017

Өскемен қалалық сотында «Медиация - татуластыру рәсімі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге банктердің, коммуналды мекемелердің, және ПИК-ні өкілдері  қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиация рәсімдерін, яғни медиация қағидаларын, медиация түрлерін және оның артықшылықтарын талқылады.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында сенбілік өткізілді

25/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының ғимараты ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы м.а. Ш.Оспанова мен сот мамандары қатысты. Сот аумағына жататын аймақтарына тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында  сот қызметкерлері сот қоршауларын ретке келтіріп, қоқыстар жиналып, шығарылды және бордюрлар әктелінді.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

25/09/2017

Үржар ауданының № 2  аудандық сотында жәбірленушімен медиативтік келісім жасалуына байланысты  азамат А.,-ға   қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Сотталушы  ҚК 188-бабы (бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша, атап айтқанда жәбірленушіннің «Юсур» шаруа қожалығынан  ұсақ малдардың ішінен 2 бас қойды жасырын  ұрлап оқиға болған жерден бой тасалап кеткен, осы әрекетімен 70 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сенбілік өткізілді

25/09/2017

Сот ғимаратының  маңайында шырша тектес ағаштардың болмауына байланысты, Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы арнайы бөлінген алаңға шырша отырғызу үшін сенбілік өткізді.

Сонымен қатар, іс-шара аясында сот ғимаратының айналасы мен қоршау іші қоқыстан  тазартылып, арам шөптер жұлынып, қоршау қабырғалары сырланып, сот ғимаратында тазалық жұмысы жүргізілді.

Сенбілікте бір кісідей атсалысып, сот төрағасы Б. Ә. Кәсеновтың бастауымен қызметкерлер белсендік танытты.