Архив событий

08/09/2017

Банк өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

08/09/2017

Семей қаласының ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында сот қызметкерлеріне, Семей қаласындағы  «Forte Bank» АҚ-ның филиалы мамандарына дөңгелек үстел өткізді.

Экономикалық сотта семинар өтті

08/09/2017

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының сот отырысының хатшылары арасында «Сот отырысының АБЖ» тақырыбында семинар өтті.

Аталған тақырыптың негізгі аспектілері туралы кеңсе меңгерушісі А. Жилкашинова баяндама оқыды.

Баяндама шеңберінде, сот ісін жүргізудегі жаңашылдықтардың бірі – бұл,  сот отырысының ашық әрі айқындала түскені, жемқорлық іс-әрекеттерін жасауға тәуекел азайғаны сот отырысының аудио-бейнежазба  хаттамасы екендігі айтылды.

Апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу тақырыбы сот мамандарының қатысумен семинарда талқыланды

08/09/2017

Катонқарағай аудандық сотында апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу тақырыбы сот мамандарының қатысумен семинарда талқыланды.

2017 жылдың 8 айындағы атқарылған сот жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

08/09/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатқа соттың судьялары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сот төрағасы соттың 8 айлық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

«Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды (жанжалды) міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырудың аралық қорытындысы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

08/09/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының судьясы  С.Жунуспековамен «Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды (жанжалды) міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырудың аралық қорытындысы»  атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға мемлекеттік мекеме өкілдері, кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Белгіленген мерзімде Қазақстан аумағынан шықпаған

08/09/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Украина азаматы Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Риддер қаласында есірткі заттарын сақтау және өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды

08/09/2017

Риддер қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297 бабы 2 бөлімі айыпталып сотқа берілген Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

  Сотталушы Д. материалдық жағынан баю мақсатымен заңсыз түрде  есірткі заты марихуаннаны сақтап, Риддер аймағында сату арқылы таратумен айналысқан.

Сотпен ананың құқығы қалпына келтірді

08/09/2017

Семей қаласының ювеналды сотында азаматша И.-дың «№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ-не ата-аналық құқығын қалпына келтіру туралы талап арызы қаралды.

Істі қарау барысында талапкер өткен жылдың желтоқсанында Семей қаласының ювеналды сотының шешімен кәмелетке толмаған екі баласына қатысты ата-аналық құқығынан айырылғаны анықталды. Ата-аналық құқығынан айыруға оның өзінің ата-аналық құқығын теріс пайдалануы, яғни аталған құқықтарды баланың мүддесіне қарсы қолдануы негіз болған.

Көші-қон заңнамасын бұзған

08/09/2017

Тарбағатай аудандық сотында  Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының азаматы  И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы И. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасына келіп, уақытылы мерзімінде ел аумағынан шықпағаны анықталды. Сонымен қатар, ҚР-ның аумағында болу мерзімін ұзартуға шара қолданбаған.

Электрондық сот бұйрығы арқылы іс жүргізу

08/09/2017

2017 жылдың 07 қыркүйегінде «Регион Пресс» газет тілшісінің қатысуымен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі А. Жилкашиновамен «Электрондық сот бұйрығы арқылы іс жүргізу» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

Іс-шараны өткізу барысында, А. Жилкашиновамен «100 Нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін электрондық сот бұйрығы арқылы іс жүргізу туралы айтылды.

Жекеше қаулы шығарылды

08/09/2017

Аягөз аудандық сотында азамат  Ж-ға. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотпен Аягөз АІІБ-нің ЖППВ полиция сержантымен 2017 жылы 10 маусым Ж-ның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Аягөз ауданының ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің ұқыпсыздығынан  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, аудандық сотқа ӘҚБтК-де көрсетілген мерзімнен кейін, яғни 22 маусым 2017 жылы жолданылғаны анықталды.

Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

08/09/2017

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдiктiң жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша құқық бұзушылық жасаған

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/09/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында аз.М-ға қатысты ҚР ҚК  188-бабының 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жысырын ұрлау) бойынша  қылмыстық іс медиация тәртібімен, яғни сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына және келтірілген зиянның өтелуіне байланысты қысқартылды. Аз.М. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Іс материалдарына сәйкес аз.М жасырын түрде жәбірленуші Ж.-ның «RACER»  маркалы мотоциклын ұрлап, оған 400 000 теңге материалдық залал келтірген.

Катонқарағай аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

08/09/2017

Дөңгелек үстелге судьялар сот мамандары Халық банкінің, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында кеңсе меңгерушісі Э.К. Жансултанова сот мәліметтінің азаматтар үшін кең көлемде қолжетімді болуы «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін енгізудің  негізгі қағидаларының  бірі  және сот органдарының ашықтығы деп атап өтті. Сот кабинеті ақпараттық жүйесін қолданушыларға үйлерінен немесе кеңселерінен шықпай тәуліктің кез келген уақытында талап арыз,  өтінішТерін сот органдарына жіберуге мүмкіндік береді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/09/2017

Катонқарағай ауданының № 2 сотымен Қазақстан Республикасының 200-бабының, 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету), көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін Н.-ға  қатысты қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен  қаралды.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

08/09/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, К. өзінің басқаруындағы автокөлігімен Өскемен қаласы Мызы көшесінің бойымен қозғалыс кезінде төрт және одан да көп жолағы бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, сол боймен қозғалған.  

Резонанстық іс бойынша үкім шығарылды

08/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты  Б.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.  

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігінің, 3 тармағымен, 296-бабы, 2-бөлігі, 58-бабы, 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптармен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.

Үлгілі мінез-құлқы үшін шартты түрде-мерзімінен бұрын босатылды

08/09/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазасын өтеп жатқан екі сотталушы О. және Е. шартты түрде-мерзімінен бұрын босату туралы өтінішпен жүгінді.

Сотта пробация Қызметінің инспекторы екі сотталған жаза өтеу мерзімінде ешқандай бұзушылық жібермегенін,  Ішкі істер бөліміне күштеп әкелінбегенін, тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша оң сипатталатынын растады.

Мектеп есепшісі сотталды

08/09/2017

Семей қаласының №2 сотымен «Знаменка ауылының жалпы орта білім беретін мектеп»-тің есепшісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды.  

Абай аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

08/09/2017

Абай аудандық сотының төрағасы Е.Е.Адильбековтың  ұйымдастыруымен сот мамандарының қатысуымен «Халықаралық пактілердің сот актілерін шығаруда қолданылауы» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Бородулиха аудандық соты 2017 жылдың 8 айындағы жұмыстарын қорытындылады

08/09/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Байбосынова «Аудан тынысы» газетінің журналисті С. Әбілқасымұлының қатысуымен 2017 жылдың 8 айындағы жұмыстарын қорытындылау бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Сотпен 2017 жылдың 8 ай ішінде 1039 азаматтық, 458 әкімшілік, 83 қылмыстық іс аяқталған. Оның ішінде медиация тәртібінде 149 азаматтық (14,3%), 52 әкімшілік (11,3%), 33 қылмыстық (39,8%) іс қысқартылған.

Катонқарағай № 2 аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/09/2017

Катонқарағай №2 аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға соттың судьясы мен Катонқарағай ауылының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді соттың төрағасы А.М.Әли ашты, өз сөзінде гендерлік саясат - қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Гендер ұғымы қоғамдық өмірде тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық  ерекшеліктерін қорғайтынын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дәріс сабағы өтті

08/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар арасында «Жаза тағайындау» атты тақырыпта дәріс сабағы өтті.

Осы тақырып төңірегінде  «Қылмыстық жаза тағайындаудағы кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы №4 нормативтік қаулысы талқыланды.

Сот төрағасы Б. Кәсенов семинарда баяндама жасап, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулы ережесінің кейбір сұрақтар бойынша түсіндірме жасады.

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/09/2017

Бородулиха аудандық сотында ҚК-нің 293-бабының, 1 бөлігімен (бұзақылық) қылмыстық  жауапкершілікке тартылған Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан,  Д., орман  шаруашылығының аумағында алкогольдік масаң күйінде қоғамды құрметтемеу анық көрінетін бұзақылық жасап, ғимараттың терезелерін сындырып, 458 800 теңге көлемінде материалдық залап келтірген.

Сот мәжілісінде жәбірленуші дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалуына байланысты істі қысқартуды сұрады.

Мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы

08/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов, судьялар Л.А.Побияха, Н.А.Жақсыбекова, сот мамандары, Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының өкілі, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.