Архив событий

06/09/2017

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотқа қатысушы тараптарға және электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтарға, сот ғимаратында электронды цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі бар екені жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді

06/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, сот төрағасы Б. Ә. Кәсенов және сот қызметкерлері, сотқа қатысушы тараптарға электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтарға, сот ғимаратында электронды цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі бар екені жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді.

Бүгінгі таңда, сот қызметінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану Қазақстан Республикасының соттарында басым бағыттардың бірі болып табылады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Катонқарағай №2 аудандық соты қызметкерлері өз өлкелерінің тарихи мұражайларына барып қайтты

06/09/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 25 тамызында ашылған «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі» КММ жанындағы «Мектеп-мұражайы» және «Берел қорғаны» археологиялық ескерткіштеріне барып қайтты.

Аталған тарихи жерлерді аралаудың мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын дамыту және нығайту, сондай-ақ туған өлкенің мәдени мұраларын зерттеу болды.

«Татуластыру тараптарға тиімді» тақырыбында семинар өтті

06/09/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының ұйымдастыруымен кәсіби емес медиаторлардың және Марқакөл өңіріндегі мемлекеттік мекеме өкілдерінің қатысуымен «Татуластыру тараптарға тиімді» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында сот төрағасы – Р.Омаров бүгінгі таңда Марқакөл ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ашылған медиация бөлмесінің басты мақсаты, жергілікті халыққа «Медиация туралы» Заңның нормаларын жеткізу және сотқа дейін дауды медиация арқылы шешу жұмыстарын жүргізу үшін ашылғанын атап өтті.

«Ұйымның бақылауымен заң аясында балаларға қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ұйымның бақылауымен заң аясында балаларға қызмет көрсету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара  Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Н.Жумагулова, БҰҰ-ның қарамағындағы халықаралық балалар қорының өкілдері Гвендалин Росс, Ирина Мацкевич және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Ашық есік күні

06/09/2017

Күршім аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Қабылдауға келген азаматтарды аудандық сотының төрағасы  Е.Т.Шымыров  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

«Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

06/09/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинарлық сабағы өтті.

Бесқарағай аудандық сотының судьясы А.Калиев өз баяндамасында   сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізуді және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы беру қажеттігін атап өтті. 

Бесқарағай аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді

06/09/2017

Семинарға халыққа қызмет көрсету  бөлімінің маманы З.Т.Кожахметова, Бесқарағай  аумақтық сот орындаушылар бөлімінің  аға сот орындаушысы Р.Е. Кабенова және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.      

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзған

06/09/2017

Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 514-бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ресей Федерациясының азаматтары К және М  Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының белдеуінен 40 шақырымға кіріп, жидек жинағандары анықталды. Сонымен шетелдік азаматтармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өтудің белгіленген тәртібін сақтамай, режимін бұзған.

Зырян аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

06/09/2017

Зырян аудандық сотында құқықтық мәдениетті насихаттау, сот жүйесіне қолжетімділікті және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аудандық соттың төрағасы А.Е.Исмагулов  келушілерге аудандық сот қызметінің негізгі бағыттары туралы, ашықтық және соттың жариялау қағидаларын сақтау, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық өкілдермен өзара іс-қимыл туралы айтып өтті.

Тараптар татуласты

06/09/2017

«Дау мұраты бітімге келу» - деп даналарымыз бекер айтпаса керек. Оның тарихи тағылым тереңде. Бұл тиімді әдіс азаматтық, әкімшілік және кейбір  ауыр емес қылмыстарға қатысты  істерді  шешу барысында уақыт өте келе өз жемісін беруде. Соның бірі Глубокое аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкiн жасырын ұрлау) айыпталған азамат Н.-ға қатысты қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қаралды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

06/09/2017

Бесқарағай аудандық сотының сот приставы А.Рахимбаев сот қызметкерлер қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дәріс сабағын өткізді.                                                                                                

Дәріс сабағының барысында сот приставы сыбайлас жемқорлық түсінігі мен оның түрлері туралы айтты. Сонымен қатар, жемқорлықпен күресудің тиімді жолдары мен Қазақстанда айтылған дертпен қатаң түрде күрес жүргізіліп жатқандығына тоқталды.                                                            

Жекеше айыптау істерін қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

06/09/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған ішкі істер бөлімі, аудандық соттың кеңсе мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.                          

Туберкулезбен ауыратын науқас мәжбүрлеп емдеуге жолданды

06/09/2017

Күршім аудандық соты  туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азамат С-ны  мәжбүрлі түрде емдеуге жолдау туралы «Күршім аудандық орталық ауыруханасы» МҚК-ның арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ұсыныста көрсетілгендей науқас С. ем-шарадан бас тартып, жүргізілген түсіндірме жұмыстарын тыңдамай, тағайындалған күндізгі емдеу шараларына келмей, үнемі жасырынып жүрген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

06/09/2017

Көкпекті аудандық сотында Қылмыстық Кодекстің 200-бабының, 1-бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылық жасаған аз. О-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Аз.Д. өзінің Ваз «21122»  маркалы автокөлігін жөндету үшін техникалық қызмет көрсету станциясына өткізген. Аз. О автокөліктің жөндеу жұмыстарын жасауға алған. Кешке жақын мөлшері сағат 23.00-де аз.О. автокөлікті жөндеп болған соң, алкогольдік ішімдік ішіп алып, көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз айдап кетуді ойластырып, көрші ауылына бармақ болады.