Архив событий

15/09/2017

Риддер қалалық сотында жаңа тағайындалған кеңсе меңгерушісі таныстырылды

15/09/2017

Риддер қалалық сотында болып өткен жиналыста «Шығыс Қазақстан облыстық соттар әкімшісі» кеңсе меңгерушісі Набиев Р.К., кеңсе меңгерушісі лауазымына жаңадан тағайындалған Асхат Арғынбайұлы Иманбаевты таныстырды.

Таныстыруға Риддер қалалық сотының сот төрағасы Т.К. Адаспаев,  қалалық сот мамандары  және әкімшілік сот мамандары қатысты.

Таныстыру соңында «Шығыс Қазақстан облыстық соттар әкімшісі» кеңсе меңгерушісі Р.К.Набиев тағайындалған кеңсе меңгерушісін құттықтап жұмыста сәттілік тіледі.

Риддер қалалық сотында «Сот актілерін дұрыс орындау» тақырыбында семинар сабағы өтті

15/09/2017

Риддер қалалық сотында «Сот актілерін дұрыс орындау» атты тақырыпта семинар ұйымдастырылды. Іс–шараға судьялар мен сот мамандары қатысты.

Семинардың басты мақсаты – қылмыстық және азаматтық  істер бойынша сот актілерін дұрыс рәсімдеуде туындаған мәселелерді талқылау.

Судья Б.С. Уйданов өз баяндамасында сот актілері Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік актілері мен ережелеріне сай дұрыс әрі сапалы құрастыру керектігіне жан-жақты тоқталып өтті.

Зайсан аудандық сотында "Медиация туралы" заңды қолдану және пилоттық жобаны іске асыру ережелері бойынша брифинг өтті

15/09/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев жергілікті баспасөз өкілдеріне  «Медиация туралы» заңды қолдану және Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын іске асыру ережелері бойынша брифинг өткізді.

Сотталушы мен жәбірленуші арасында медиациялық келісім жасалды

15/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Б.-есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-ның 187-бабының 1-бөлігімен (бөтеннің ұсақ-түйек мүлкін ұрлау) қылмыстық іс қаралды.

Ақжар ауылының тұрғыны жәбірленуші К.-ның тұрғын үйінің ауласында жатқан ағаш сапты басы темір жалпақ күрегін Б. бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлап, жәбірленушіге 15 000 теңгеге материалдық зиян келтірген.

Жәбірленуші мен құқық бұзушы медиация тәртібімен татуласты

15/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Р. есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  73-1 бабы 1 бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Р. танысы Т.есімді азаматпен бірге ішімдік ішіп, өзара сөзге келіспей қалып, соңында Т.-ны пышақтап, оған қасақана жеңіл дәрежеде дене жарақатын келтірген.

Р. істі медиация тәртібі арқылы жәбірленушімен татуласқандығын, жәбірленуші Т. құқық бұзушыға медиация тәртібімен кешірім бергенін айтып, істі тоқтатуды сұрады.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

15/09/2017

Тарбағатай аудандық сотында Аудандық Ішкі Істер бөлімінен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының, 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысы барысында, құқық бұзушының үйінің ауласында ИЖ-5 маркалы, 28 калибрлі, заводтық ұңғы Ижевск механикалық зауытында жасалған атыс қаруын заңсыз сақтап жүргені анықталды.

Жәбірленушіге жеңіл дәрежедегі жарақат салғаны үшін он тәулікке әкімшілік қамауға алынды

15/09/2017

Сотта  ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлігімен жинақталған азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында,  Т-ның ішімдік ішкен масаң күйінде өзінің тұрғын үйінде анасымен сөзге келіспей, оған жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салғаны анықталды.

Алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін кінәлі деп танылды

15/09/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-тің 190-бабының, 2-бөлігінің, 2- тармағы бойынша (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бiрнеше рет бөтен мүлiкке құқықты иемдену) азамат М-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Көрінеу жалған нөмерімен автокөлік құралын басқарған

15/09/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмерімен автокөлік құралын басқару) жинақталған әкімшілік істі қарады.                                   

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмерімен «Toyota Trunner» маркалы автокөлік құралын басқарған.       Сотта құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындады.        

Қылмыстық іс медиация тәртібінде аяқталды

15/09/2017

Күршім аудандық соты ҚР қк 188-бабы 1-тармағы бойынша (ұрлық) айыпталған К.-ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Іс материалдары бойынша,    К. алкогольдік мас күйінде Т.-ға тиесілі «Дәметкен ана» дәмханасының терезесін шағу арқылы ішіне заңсыз кіріп, жалпы құны 45 000 теңге тұратын әр-түрлі тауарларды жасырын жымқырған. Осы әрекетімен жәбірленушіге  45 000 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.   

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында медиативтік келісім жасалды.

«Ашық есік күні»

15/09/2017

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында Глубокое аудандық сотында кезекті іс-шара «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Әміровтың жеке қабылдауына  еңбек дауларына байланысты сұрақтарымен аудан тұрғындары келді.

Б.Әміров тұрғындарды тыңдап, барлық сұрақтарына заңнаманы түсіндірумен толық жауаптар қайтарды.

 

Глубокое аудандық сотының

Көші-қоны заңын бұзғаны үшін Қытай азаматы әкімшілік жауапқа тартылды

15/09/2017

Зайсан аудандық сотында көші-қон заңнамасын бұзған Қытай Халық Республикасының азаматы Д-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

ҚХР азаматы Д. Қазақстан Республикасына келіп ішкі істер органына тіркелген. Алайда, құқық бұзушы көші-қоң карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін ел аумағынан кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының көші-қоңы саласындағы заңнамансын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өткізілді

15/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің дамуы және еңгізілуі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға сот мамандары қатысты.

Мемлекеттік тілдің еңгізілуі және одан әрі дамуы мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінің бірі екенін атап көрсете отырып семинарда Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс-жүргізушісі Н. Мадениет баяндама оқыды.