Архив событий

26/09/2017

Көкпекті аудандық сотында «Нотариуспен атқарушылық жазбаларды жасау рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/09/2017

Көкпекті аудандық сотында «Нотариуспен атқарушылық жазбаларды жасау тәртібі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Көкпекті аудандық сотының судьясы Н.Б.Жаныбекова, Көкпекті ауданының нотариустары Ш.Х.Мандиева, Ж.Х.Усаева қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар азаматтық құқықтық қатынастар бойынша бітімгершілік рәсімдерді нотариустармен жүргізу мүмкіншіліктері, сонымен қатар атқарушы жазулардың пайдасын талқылап, аталған жаңашылдықтар соттың жүктемесін азайтатындығын айтты.

«Неке-отбасы жанжалдарын пилоттық жоба аясында реттеу» тақырыбында семинар өткізілді

26/09/2017

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мамандарымен Семей қаласының әділет басқармасы қызметкерлеріне «Неке-отбасы жанжалдарын пилоттық жоба аясында реттеу» тақырыбына семинар өткізді.

Семинар барысында сотқа дейінгі реттеудің тарихы, Қазақстан Республикасының  заңнамалары және медиацияны қолдану тәртібі талқыланды.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар басқармасы арасында өзара қызметтік ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді

26/09/2017

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен «100 нақты қадам» бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жоспары айқындалған. Біздің мемлекеттің алдында мемлекет бірлігі мен мемлекеттілікті нығайту мақсатында ауқымды тапсырмалар қойылған. Жаңа тарихи талаптарға сай, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру - бұл  жаһандық  ішкі сын-қатерлерге жауап, сонымен бірге жаңа тарихи ахуалдағы дамыған 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік береді.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

26/09/2017

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Т.Шымыровпен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына аудандық ІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Е.Т.Шымыров  баяндамасында, сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл мемлекеттік  саясаттың басты міндеті болып табылатынын, сондықтан онымен күрес әр орган мен мекеменің, жалпы қоғамдағы әр азаматтың борышы  екендігіне тоқталды.

Көкпекті аудандық сотында судья Н.Жаныбекова дөңгелек үстел өткізді

26/09/2017

Көкпекті  аудандық сотында  судья Н.Жаныбекова полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияға қосылуы  ережесінің қолдану туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға  Көкпекті АІІБ-нің ЖПҚ бастығының орынбасары Д.Даукенов және Көкпекті АІІБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары  қатысты Ж.Б.Разаев, С.К.Ахметкалиев.

ШҚО Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

26/09/2017

Көкпекті ауданының  № 2  аудандық сотында дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға «Самар аймағының кәсіпқой емес медиаторлары, әкңмшіліктің өкілдері, құқыққорғау органының өкілдері мен сот қызметкерлері қатысты.

Аягөз аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

26/09/2017

Аягоз аудандық сотында судья К.П. Халелова, Аягөз аудандық прокурорының көмекшісі З.Ф. Шаймухаметованың, Аягөз АІІБ-ның және Аягөз ЖПБ-ның қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік хаттаманы толтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация – татуласудың оңай жолы» тақырыбына тренинг өткізілді

26/09/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен Катонқарағай ауылдық округінің ғимаратында «Медиация – татуласудың оңай жолы » тақырыбына тренинг өткізілді

Тренингкке Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының судьясы Г.Т.Кудербаева, ауылдық округінің және аудандық «Арай-Луч»газетінің өкілдері қатысты. Тренингті өткізу мақсаты – медиация  тәртібімен таныстыру.

«Сот кабинеті - жедел әрі ыңғайлы сервис»

26/09/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Л.Құнанбаева сот қызметкерлері және Самар жергілікті полиция қызметкерлері арасында «Сот кабинеті ыңғайлы, жедел сервис» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты- «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа әкімшілік істерді жолдауға және жүгіну мүмкіншіліктерін қолдануға түсініктеме беру.