Архив событий

13/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

13/09/2017

Тарбағатай  ауданының №2 аудандық  сотында сот төрағасының міндетін атқарушы  Ш.Оспанова «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Тарбағатай аудандық прокуратурасының аға прокуроры Б.Бекенов,  Зайсанбалық инспекция бөлімінің бастығы Е.Құсайнов, Ақжар аумақтық сот орындаушы Г.Қапшүкірова және сот қызметкерлері  қатысты.

Зырян аудандықс отында ЮНИСЕФ өкілдерімен кездесу өткізілді

13/09/2017

ШҚО Зырян аудандық сотында БҰҰ (ЮНИСЕФ)  Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы жоспарына сәйкес ЮНИСЕФ халықаралық кеңесшісі Гвендолин Росс және ұлттық кеңесші Ирина Мацкевичпен Шығыс Қазақстан облыстарында қауымдастық базасында заңмен байланыса болу үшін балаларға көмек көрсету туралы пилоттық орталықтардың ілгерілеуіне аралық баға беру мақсатында кездесу өткізілді.

Шараға Зырян аудандық сотының судьялары мен Зырян ауданының №2 сотының төрағасы қатысты.

Бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-ана жауапқа тартылды

13/09/2017

Зайсан аудандық сотымен А.-деген ата-анаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

А. бұрын ата-ана ретінде баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған тұлға бола тұра, бір жыл ішінде қайталап кәмелеттік жасқа толмаған баласының тәрбиесімен тиісті түрде айналыспаған, бала жаз айларында ата-анасының назарынан тыс қалған. Соның салдарынан кәмелетік жасқа толмаған Т. жаз айларында үш рет бөтен адамдардың үйлеріне заңсыз кіріп ұрлық жасаған.

Апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу тақырыбында семинар өтті

13/09/2017

Бесқарағай аудандық сотында апелляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу тақырыбы сот мамандарының қатысумен семинарда талқыланды.                                                                                  

Жемқорлыққа қарсы күреске қатысты сұрақтар бойынша дөңгелек үстел өтті

13/09/2017

Өскемен қаласының №2 сотында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбына  дөңгелек  үстел  өткізілді. Дөңгелек үстелге – сот төрағасының м.а. К.Қасымов, судьялар – А.Исахан, С.Бекишева, Өскемен қаласының прокуратурасының бөлім прокуроры Л.Оразбекова және С.Аманжолов атындағы ШҚГУ оқытушысы М.Дячук қатысты.

Некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды

13/09/2017

         Аягөз аудандық сотында талапкер С. жауапкер Т.-ға қатысты некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

         Азаматтық іс материалдарынан, азамат Т. 2017 жылдың қантар айынаң бастан өзінің некедегі жолдасы азаматша Н.-мен бөлек тұрады, ортақ некеден 2014 жылы туған баласын бар екенін айтып өтті.

         Сот отырысында тараптар өзара татуласып және медиативтік келісімге келгенің айты

Жекеше қаулы шығарылды

13/09/2017

Аягөз аудандық сотында азамат  З-ға. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотпен Аягөз АІІБ-нің полиция лейтенантымен З-ның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Аягөз ауданының ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің салақтығынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, аудандық сотқа ӘҚБтК-де көрсетілген мерзімнен кейін, яғни 2017 жылы 9-қыркүйекте жолданылғаны анықталды.

Келешекте заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін Аягөз ауданының ішкі істер бөлімі бастығының атына жекеше қаулы шығарылды.

 

Үржар ауданының №2 аудандық сотында баспасөз-конференция өткізілді

13/09/2017

Үржар ауданының №2 аудандық сотының төраға м.а. Р.Н.Тоқтаров 2017 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі М.Саябаевтың қатысуымен баспасөз-конференциясын өткізді.

Төраға м.а. Р.Н.Тоқтаров 2017 жылдың 8 ай қорытындысына тоқталды.  Сотпен 39 қылмыстық іс, 313 азаматтық және 221 әкімшілік істер қаралды. Осы аталған уақытта  тараптар бітімгершілікке келіп, медиация тәртібімен 53 іс қысқартылды, оның ішінде 18 қылмыстық, 15 азаматтық және 20 әкімшілік істер.

Достық үйінде семинар өтті

13/09/2017

Бесқарағай аудандық Достық үйінде әкімдік окілдерінің, кәсібі және кәсібі емес медиаторлардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі талқыланды және «Медиация туралы» Заңы    түсіндірілді         .

Халықпен кездесу өтті

13/09/2017

Үржар аудандық сотының  төрағасы Д.С.Серикбай «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру және  жобаны түсіндіру» мақсатында Үржар ауданының  Елтай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Әкімшілік жауапқа тартылды

13/09/2017

Катонқарағай ауданының №2 сотымен жеке кәсіпкер И. қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабы  3-бөлігімен, яғни  мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды орындамау  бойынша әкімшілік іс қаралды.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының талаптары» тақырыбына семинар өткізілді

13/09/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында  «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының талаптары» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға соттың төрағасы А.М.Әли, сот мамандары қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/09/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 188-бабының 1 бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы жәбірленушінің ауласында тұрған квадроциклды көріп, еркін түрде кіріп оны ұрлап, қылмыс болған жерді тастап кеткен. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушіге 300 000 теңге материалдық залал келтірілген.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

13/09/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  бойынша Ресей Федерациясының азаматшасы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін қылмыстық жазаға тартылды

13/09/2017

Зайсан аудандық сотында С.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.

С. бұрын соттың қаулысымен ішімдік ішкен масаң күйде автокөлік басқарғаны үшін  үш жылға көлік басқару құқығынан айрылған адам бола тұра, Зайсан ауданы Омбы-Майқапшағай тас жолында қайталап алкогольдік  масаң күйде автокөлікті  жүргізген.

Семей қаласының Ювеналды сотының психологымен әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізілді

13/09/2017

Семей қаласының Ювеналды сотында «Ұжымды біріктіру» тақырыбына әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізілді.

Осы тренинг ұжымның ұйымшылдығын, тиімді қарым-қатынастарын арттыру мақсатында жетілдірілген. Тренингке психолог және сот мамандары қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді

13/09/2017

Катонқарағай аудандық сотында сотта сыбайлас жемқорлықтын алдын алу мәселелері бойынша сот мамандарының қатысумен семинарда өткізілді.

Семинарды жетекші маман Тоқтарбаева Н.М. аша отырып, сыбайлас жемқорлықтын алдын алу шаралары туралы айтып өтті.

Семинар барысында Тоқтарбаева Н.М. сыбайлас жемқорлықты болдырмау әрбір мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты болып табылатынын атап өтті.

Медиатор тараптарды татуластырды

13/09/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіргені үшін жауапқа тартылған азамат Е-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Марқакөл ауылының тұрғыны Е. есімді азамат өзінің танысы Л. есімді азаматшаның тұрғын үйінде онымен сөзге келіспей жанжалдасып, ұрып, соңғысына дене жарақатын келтірген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушіге жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

13/09/2017

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы «№8 Балалар үйі» КММ Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Жеке кәсіпкер М. мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және шартты бұзу туралы талап арызбен жүгінді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

13/09/2017

Катонқарағай аудандық сотында сот қызметкерлері арасында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Катонқарағай аудандық сотының бас маманы Ш.К. Темиржанова Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшіне енген сәттен бастап орындалуға жатады.

Бородулиха аудандық соты 4 партисипативтік рәсім бекітті

13/09/2017

Бородулиха аудандық соты қарызды өндіру туралы азаматтық істер бойынша келісімді 4 партисипативтік рәсім тәртібінде бекітті.

Сот талқылауы барысында, тараптар партисипативтік рәсім тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітіп, жауапкер екі жақпен келісілген мерзімде келісім шарт бойынша қарызды және талапкер өз кезегінде сот шығындарын төлеуге міндеттелген. Талапкер келісім шарттарымен келісіп, талап сомасын төмендетті.

Дау медиация тәртібімен реттелді

13/09/2017

ШҚО Зырян аудандық сотымен П.-ның Ш-ға баламен кездесу уақыты мен тәртібін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер талабында 2016 жылға дейін жауапкермен азаматтық некеде тұрып, ол некеден 2015 жылы туған кәмелетке толмаған ұл бала бар екендігін көрсеткен. Жауапкер Ш. оның ұлымен араласуына кедергі келтіретіндіктен соттан баламен кездесу тәртібін анықтауды сұрайды.

Қорғау нұсқамасын бұзған

13/09/2017

Көкпекті аудандық сотында аз.С-қа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс  қарастырылды.

Азамат  С. өзінің үйіне алкогольдік масаң күйінде келіп, әйелі аз-ша Н.-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан, ол осы әрекеттімен ішкі істер органы шығарған қорғау қорғау нұсқамасын бұзған.

Сотта аз-С. өз кінәсін толық мойындап, іс-әрекетіне өкініп, жәбірленушімен татуласты.

Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы

13/09/2017

ШҚО Көкпекті аудандық  сотында Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты  азамат Д-ға қатысты   қылмыстық іс қаралды.

Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік мас күйінде басқарғандығы үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

13/09/2017

Бородулиха аудандық соты азамат  И.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық ісін қарады.

Іс материалдары бойынша, сотталушы И. Белағаш ауылы бойында спирттік ішімдік ішіп алып, мас күйінде автокөлікті басқарып кетіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.