Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік мас күйінде басқарғандығы үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бородулиха аудандық соты азамат  И.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық ісін қарады.

Іс материалдары бойынша, сотталушы И. Белағаш ауылы бойында спирттік ішімдік ішіп алып, мас күйінде автокөлікті басқарып кетіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Бұрын азамат И. автокөлікті мас күйінде басқарғаны  үшін, көлік жүргізу құқығынан Бородулиха аудандық сотымен 3 жыл мерзімге айырылған, бірақ алдыңғы іс-әрекеттерінен тиісті нәтиже шығармаған.

Сот отырысында, сотталушы И. кінәсін толық мойындап, аталған іс әрекетіне өкінетіндігін айтты.

Сот үкімімен,  сотталушы  И. ҚР ҚК-нің 346-бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралдарын жүргізу құқығынан 3 жылға айыра отырып,  100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Бородулиха аудандық сотының

баспасөз қызметі