Медиатор тараптарды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен денсаулыққа қасақана жеңіл залал келтіргені үшін жауапқа тартылған азамат Е-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Марқакөл ауылының тұрғыны Е. есімді азамат өзінің танысы Л. есімді азаматшаның тұрғын үйінде онымен сөзге келіспей жанжалдасып, ұрып, соңғысына дене жарақатын келтірген. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушіге жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген.

Яғни,   құқық бұзушы өзінің әрекетімен  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының,  1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Істі қарау барысында тараптардан татуласу туралы өтініш түскен. Сотқа медиатормен жасалған медиативтік келісім ұсынылып, іс  ӘҚБтК-тің 64-бабының талаптарына сәйкес  қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі