Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Зырян аудандық сотымен П.-ның Ш-ға баламен кездесу уақыты мен тәртібін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер талабында 2016 жылға дейін жауапкермен азаматтық некеде тұрып, ол некеден 2015 жылы туған кәмелетке толмаған ұл бала бар екендігін көрсеткен. Жауапкер Ш. оның ұлымен араласуына кедергі келтіретіндіктен соттан баламен кездесу тәртібін анықтауды сұрайды.

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынды, онда әкесінің ұлымен кездесіп тұру уақыты мен тәртібі анықталған.

Аталған медиация келісімі сотпен бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды, талапкермен төленген 1135 теңге мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.                                                 

           

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі