Архив событий

05/09/2017

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындау мәселелері» бойынша дөңгелек үстел өтті

05/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауланаралық  сотында «Сот актілерін орындау мәселелері» бойынша дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға облыстық сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов, судьялар Е.С.Қоянбаев, Л.А.Побияха, Н.А.Жақсыбекова, сот мамандары, Өскемен қаласының прокуратурасының бөлім прокуроры А.Х. Тусупов және қорғаушы У.А. Мадиев. қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Б.Ә.Кәсенов : «Сот актісін орындау маңызды саты болып табылады, себебі бұл соттар тәуелсіздігінің айнасы», - деп атап өтті.

Бородулиха аудандық сотымен жыл басынан бері 156 жеке қаулы мен ұйғарым шығарылған

05/09/2017

Бородулиха аудандық сотымен жыл басынан бері заңдылықтың бұзушылығын анықтау бойынша, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауды анықтауға байланысты 156 қаулы мен ұйғарым шығарылды.  Соның ішінде қылмыстық істерді қарау кезінде 13 жеке қаулы, азаматтық істерді қарау кезінде 100 жеке ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық істер қарау кезінде 43 жеке қаулы шығарылды.

Дөңгелек үстел өткізілді

05/09/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының ғимаратында мемлекеттік мекеме өкілдерінің және «Рауан-Заря» газетінің меншікті тілшісі А.Мұхаметжановтың қатысуларымен  «Балалар құқығын қорғаудың өзекті мәселелері»  атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.  

Сот төрағасы Р. Омаров «Неке  (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы кодексінің 10-тарауында көрсетілген бала құқықтары және олардың күнделікті өмірде сақталуы жайлы сөз қозғап, бала құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік бойынша бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті.

Іс медиация тәртібінде қысқартылды

05/09/2017

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігімен  (ұрлық)   Р.-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Р. өзінің жұмыс орында, яғни «Встреча» кафесінде, жәбірленуші К.-ға тиесілі ақшасын жасырын ұрлап алған. Сотталушы Р. өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 17 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Жанұялық жанжал медиациялық келісіммен реттелді

05/09/2017

Зайсан аудандық сотымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағанЫ үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Зайсан ауданы Біржан ауылының тұрғыны Т. келіні Г.-ға қатысты балағат сөздер айтып, отбасында жанжал шығырып, өзімен бірге тұратын отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамдардың тыныштығын бұзған.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

05/09/2017

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 188-бабының, 1-бөлігімен (ұрлық) Т.-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Т. В.-мен оның азаматтық некедегі зайыбы З.-ның үйінде қонақта болып, спирттік ішімдіктер ішкен, сол кезде сотталушы жәбірленуші З.-ның әмиянынан 60 000 теңге ақшалай қаражатын жасырын түрде ұрлап кеткен. Ұрланған ақшаны өз бетінше пайдаланған.

Сотталушы Т. өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 60 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Ағымдағы жылдың сегіз айында атқарылған жұмыстардың қортындысы бойынша брифинг өткізілді

05/09/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова сот төрелігін жүзеге асырудың жәйі туралы сегіз айдың қортындысы   бойынша брифинг өткізді.

Шараға жергілікті «Біздің Заман» газетінің редакторы Е.Құттыбаев, аудандық соттың баспасөз хатшысы Ұ.Атанбаев қатысты.