Архив событий

04/09/2017

Глубокое аудандық сотының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өткізілді

04/09/2017

Глубокое аудандық сотының ұйымдастыруымен «Ата заңымыз – тұрақтылықтың негізі» атты тақырыпта мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияға Глубокое аудандық сотының төрағасы С.Жансейіт, аудан прокурорының м.а. Қ. Алтынбекұлы, Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің  басшысы Р.Т. Рамазанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.А.Баймульдинов және мемлекеттік органдармен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сот қызметкері тіл жанашыры ретінде сайысқа әділқазылық етті

04/09/2017

Тарбағатай ауданындық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен орталық кітапханада «Болашаққа қазақ тілімен» акциясына орай мемлекеттік мекемелер арасында  «Тіл тірегімнің айғағы» атты сайыс өткізілді.

Аталған шараға ауданындық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.Майырова, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Құрманғалиева және қоғамдық тіл жанашыры ретінде аудандық соттың аға сот приставы Ұ.Атанбаев әділ қазылық етті.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жыл басынан бері 34 адам жауапкершілікке тартылған

04/09/2017

Сот отырысының уақытында басталуы неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылуы және болмай қалуы тараптардың жауапкершілік туралы және процеске басқа да қатысушылардың сотқа құрметсіздігі соттардың  әсер етуші  тиімді тетіктерінің бірі қолданыстағы заңнаманы қолдану болып табылады.

«Экономикалық сот судьяларына арналған семинар сабағы»

04/09/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларына арналған оңалту және банкроттық пен мемлекеттік сатып алулар туралы істер бойынша сот практикасы жөнінде көшпелі семинар сабағын өткізді. 

Семинар жұмысында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары мен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары қатысты.

Баламен араласу тәртібін анықтау туралы дау медиация тәртібінде қысқартылды

04/09/2017

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер Л. жауапкер Б. баламен араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арызда тараптар 2016 жылға дейін некеде тұрғандары, аталған некеден кәмелетке толмаған 2014 жылы туған қызы бар екендігін, неке бұзылғаннан кейін бала әкесімен тұратындығы көрсетілген. Талапкер Л. жауапкердің ерікті түрде баласымен араласуына келісімін бермейтіндіктен соттан баламен араласу тәртібін анықтап беруді сұраған.

Пара бергені үшін 1 000 000 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды

04/09/2017

Өскемен  қаласының  №2  сотында  Н-ға  қатысты  ҚР ҚК-нің 367-бабы, 1-бөлігі (Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды  атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру).бойынша қылмыстық іс қаралды