Архив событий

29/09/2017

Сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізілді

29/09/2017

Өскемен қалалық сотында сот жүйесінің ардагерлері А.Б. Тлеубергеневпен, С.Е.Құмаровамен, В.М.Балачевамен сот кеңсесінің қызметкерлерінің  қатысуымен кездесу өткізілді. Судья-ардагер М.К.Керимбаев кәсіби білімдерін жоғарлату бойынша кеңесін берді.

Кездесу жүргізу барысында судья-ардагерлер бірінші сатыдағы  судьялардың төрелікті атқару кезіндегі өзекті мәселерін қозғады. Бүгінгі күні маңызды мәселелердің бірі медиация, мемлекеттік тіл туралы да сөз айтылды.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар талқыланды

29/09/2017

Семей қаласының әкімдігі ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәжіліс Депутаттарының, сот-құқық реформасы және заңнама комитетінің мүшелерінің, құқық қорғау органдарының және Семей қалалық сотының төрағасы Т. Касимовтың қатысуымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексін оңтайландыру және жақсарту мақсатында отырыс өткізілді. Талқылау барысында отырыс қатысушылары сот-құқықтық реформа Комитетінде қарау үшін өз ұсыныстарын алға тартты.

ШҚО экономикалық соты мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарға байланысты дауларды қарау барысында туындайтын күрделі сұрақтарға арналған дөңгелек үстел өткізді

29/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысындағы күрделі сұрақтар, мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің «ӘҚБтК-нін қолданудағы сұрақтар мен мәселелер бойынша» көшпелі кеңесі Риддер қаласында өткізілді

29/09/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің ӘҚБтК-нін қолданудағы сұрақтар мен мәселелер бойынша өткізген көшпелі кеңесіне қатысты. Көрсетілген кездесуге Парламент Мәжілісінің депутатары Мусин К.С., Козлов Е.А., Риддер қаласының ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің, прокуратураның, Әділет басқармасының қызметкерлері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Қарттар күні қарсаңында

29/09/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы «Халықаралық  қарттар күні» мейрамына салтанатты шара өткізді. Қарттар күні мерекелік шарасына сот жүйесінің ардагері К.А. Павлова шақырылды.

Салтанатты мерекелік шарада соттың төрағасы Г.Ж. Оспанова құттықтау сөз сөйледі.

Сот жүйесінің ардагеріне соттың ұжымы атынан бағалы сыйлық тапсырылды. Салтанатты жиыннан кейін сот жүйесінің ардагеріне үстел ұйымдастырылып шайға шақырылды.

 

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жаңа қабылданған мамандарға «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптары түсіндірілді

29/09/2017

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған тақырыпта жетекші маман Т. Сыдыкованың баяндамасы тыңдалып, тақырыптың негізгі аспектілері айтылды.

Баяндама аясында мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттері атап өтілді.

Аға буынды құттықтаймыз

29/09/2017

Қазан айының бірінші жұлдызы-Қарттар күнін атап өтеміз. Ол ерекше күн, ол күні біз өз күш-жігерлерін, білімдерін халқына арнаған адамдарды құттықтаймыз. Қарт адамдар - ол дамудың жаңа күші, алға итеруші, жетектеуші күш. Бұл күн біз үшін өте көп белестерді алған қарттарға деген өз махаббатымызды, қолдауымызды, сый-құрметімізді білдіретін күн.

Сотталушыға іздеу жарияланды

29/09/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының іс жүргізуіне ҚР ҚК-нің 296-бабының, 2-бөлігімен есiрткi затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін сотқа берілген C.-ға қатысты қылмыстық іс қабылданған.