Архив событий

18/09/2017

Шетел азаматы елден шығарылды

18/09/2017

Өскемен қалалық соты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті» Мемлекеттік мекемесінің Өзбекстан азаматы М. Қазақстан Республикасының аумағынан еркінен тыс шығару жайлы арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта Өзбекстан азаматы М. Қазақстан Республикасына 2011 жылы тамыз айында келгенін, Республика аумағында болған кезде ол қылмыстық жауапқа тартылғаны, сонымен қатар оның бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Сотпен пәтерді сату шарты заңсыз деп танылды

18/09/2017

Өскемен қалалық сотына азамат Т., үйден шығару талап арызымен жүгінді, ол талабында  сатып алу шарты бойынша жауапкер тұрып жатқан пәтердің  меншік иесі болып табылатынын көрсеткен.

Талаппен келіспей  азамат Г., сотқа  сату-сатып алу мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде қарсы талаппен сотқа жүгінеді, себебі мәміле формальды түрде жасалғанын, яғни ешқандай қаражатты  сатып алушыдан алмағаны жайлы  айтып көрсеткен.

Істі  сотта қарау барысында пәтерді сатқан ақша қаражатты сатып алушыға берілмегені анықталды.

Медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

18/09/2017

Өскемен қалалық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабын істегі зерттеу актісі және көршілермен ПИК-тің төрағасының түсініктеріне сүйеніп, жауапкердің кесірінен бірнеше рет пәтерін су басқанын айтып көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиациялық тәртіпте бітімгершілікпен шешу мақсатында  өзара келісімге келді. Ол бойынша жауапкер келтірген материалдық және моральдық зиянды өтеу мақсатында 146 200 теңге өтеуге келісті.

Билік өкіліне бағынбағаны үшін сотталды

18/09/2017

Аягөз аудандық соты ҚК 379-бабының 1-бөлігі (билік өкiлiн бағынбау) бойынша Б.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотта істі қарау барысында, азамат Б. билік өкілінің ҚР ӘҚБтК-нің 379-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасын толтыру үшін Аягөз АІІБ-не бару туралы заңды талабына бағынбаған.

Соттың үкімімен Б. қылмыстық бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабиге кандидаттардың тізімін құру бойынша туындайтын өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел отырысы өтті

18/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің тізімін құру да туындаған өзекті мәселелер бойынша  «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Аудио-бейне жазба жүйесінің бағдарламасына жаңарту жұмыстары бойынша қашықтықтан оқыту бейнеконференц байланысы өткізілді

18/09/2017

Зайсан аудандық сотының ғимаратында Аудио-бейне жазба жүйесінің (АБЖ) бағдарламасына жаңарту жұмыстары бойынша қашықтықтан оқыту бейнеконференц байланысы өткізілді.

Қашықтықтан оқыту бейнеконференц байланысына Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының, Тарбағатай аудандық сотының  кеңсе меңгерушілері мен сот мәжілісінің хатшылары қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

18/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы м.а. Ш.О.Оспанова және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы м.а. Ш.Оспанова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жайында баяндап, рухани жаңғыруға байланысты  атқарылуға тиісті іс-шараларға жан-жақты тоқталды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында брифинг өтті

18/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы м.а. Ш.О.Оспанова, соттың мамандары және БАҚ өкілі Е.Бапановтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әрбір азаматтың міндеті» атты брифинг өткізді.

«Пилоттық жобаны іске асыру туралы» тақырыбына кездесу өткізілді

18/09/2017

Катонқарағай  ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері туралы кездесу өткізілді.

Кездесуге аудандық соттың судьялары мен мамандары, прокуратура, заң кеңсесінің адвокаттары, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы өтті

18/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы Б. А. Касенов және судьялар Е. С. Коянбаев, Қ. Б. Забенов, Н. А. Жақсыбекова, Л. А. Побияха қатысты.

"Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiсін" түсіндіру мақсатында дәріс сабағы өткізді

18/09/2017

Катонқарағай аудандық сотының кеңсе менгерушісі Э.К.Жансұлтанова аудандық Достық үйінде, «Әйелдер кеңесі» және «Іскер әйелдер» қоғамдық кеңесінің өкілдеріне БҰҰ-ның қабылдаған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiсін», «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясын», «Әйелдердiң саяси құқықтары туралы конвенциясын», «Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенциясын» және «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні» түсіндіру мақсатында дәріс сабағы өткізді.

Сотта баспасөз-конференциясы өтті

18/09/2017

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экномикалық сотының ғимаратында судья С.К. Жайлибаевамен «Сот бұйрығы» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

18/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Н.А.Жақсыбекова  БАҚ-ның  өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Судья Н.А.Жақсыбекова Б.-ке қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сауалдарына жауап берді.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында семинар өткізілді

18/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында «Мемлекеттік қызметкердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарға кеңсе меңгерушісі А.Е. Тусупова, бас маман Қ.С. Оспанов, бас маман А.А.Алижанова, жетекші маман Л.Касымбаева, психолог М.Галиева, бас маман А.Зарыкбаева және іс-жүргізуші Н.Мадениет қатысты.