Архив событий

28/09/2017

«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрағаның бастауымен, «Шакарима атындағы № 1 орта мектебі», «№ 2 мектеп - гимназия», «Шоқан Уалиханов атындағы № 3 көп бейінді мектеп - гимназия», «№ 4 орта мектеп», «№ 5 орта мектеп», «№ 6 орта мектеп», «№ 7 орта мектеп», «№8 орта мектеп», «№ 9 орта мектеп» КММ директорларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Атқару өндірісі бойынша борышкердің құқықтары сотпен қалпына келтірілді

28/09/2017

Өскемен қалалық сотына азамат Е  сот орындаушысының заңсыз   іс-әрекетіне шағымданып, өзінің талабында ол сот орындаушысының заңсыз   іс-әрекетінің салдарынан  оған тиесілі пәтердің 4/1 бөлігі мөлшерінде меншік құқығын жоғалтқан. Сот орындаушысы заңды бұза отырып,оған тиесілі мүлкін сату үшін рұқсат бермей оның үлесін басқа меншік иелеріне заңсыз беріп жіберген. Соттан іс әрекеттерін заңсыз деп танып, пәтердің 4/1 бөлігі мөлшерінде үлесін беру жөніндегі қаулының күшін жоюды сұрады.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді

28/09/2017

Соттың  іс-шаралар жоспары аясында Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Р. Омаров Күршім ауданының Төсқайың ауылдық округінде халықпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы жиналған халыққа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамашылығымен сот жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер мен реформалар жайлы және аудандық соттың 2017 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

28/09/2017

Өскемен қалалық сотында сот мамандары үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. БҰҰ-ның ратификацияланған Конвенциясы шеңберіндегі Қазақстан» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/09/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға судья Кудербаева Г., сот қызметкерлері, Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы З.Смагулова, Катонқарағай ауданы бойынша пробация қыземтінің инспекторлары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын судья Г.Кудербаева ашып, үкім бойынша сотталғандардың атқару құжаттарының сот шығындары бөліктерін орындау жөнінде және мүлікті тәркілеу бойынша туындаған мәселелерді айтты.  

Татуластыру рәсімдерін насихаттау мақсатында «Ашық есік күні өткізілді»

28/09/2017

Семей қаласының ювеналды сотында Қазақ гуманитарлық-заң университеттің студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған шара татуластыру рәсімдерін, оның ішінде медиация туралы пилотық жобаны насихаттау мақсатында өткізілді.