Архив событий

22/09/2017

Зайсан аудандық сотында қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

22/09/2017

Зайсан аудандық сотында көлік құралын басқаратын адамның адам өліміне әкелген жол жүру ережесін бұзу қылмыстық ісі бойынша аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев  аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыттың қатысуымен брифинг өткізді.

Тарбағатай аудандық сотының ғимаратында ЭЦҚ алу үшін және арызды немесе хат-хабарды сол жерден «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау үшін арнайы бұрыш ашылды

22/09/2017

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылдың 26 қаңтарында бекіткен Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді eнгізу пилоттық жоба аясында азаматтарға сот ғимаратында ЭЦҚ алу үшін және арызды немесе хат-хабарды сол жерден «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау үшін арнайы бұрыш ашылды.

Сот төрағасы халықпен кездесу өткізді

22/09/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс ауылында халықпен кездесу өткізіп, онда  «Медиация туралы» заңды және Жоғары Соттың пилоттық жобасын халықтың арасында таныстыру, насихаттау мақсатында «Медиация-дауды шешудің тиімді жолы» тақырыбында баяндама жасады.

Оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін бас бостандығынан шектелді

22/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Б. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 287 бабы 3 бөлігімен (қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды  және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс қаралды.

Б. есімді азаматтың тұрғын үйінен жеке атына тіркелген қаруын тексеру барасында, қару сақтайтын темір шкафтың ішінде заңсыз сақтап келген 5,6 мм. калиберлі иір ойықты атыс қаруының 3 дана оқ дәрісі анықталып айғақты зат ретінде алынған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында экономикалық соттың судьяларына арналған семинар өткізілді

22/09/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев сот төрелігін атқарудың сапасын арттыруға арналған судьялардың кәсібилігі мен құқықтық білімдерін арттыру мақсатында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьяларына семинар өткізді.

Семинардың жұмысына облыстық және мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьялары қатысты.

Өскемен қалалық сотымен дау медиация тәртібімен реттелді

22/09/2017

Өскемен қалалық сотымен келісім шартының бұзылуына байланысты «Lada», маркалы авто көлігін қайтару,  қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында жауапкер  автокөлікті  жалға алу туралы  талаптармен нотариалды түрде  бекітілген келісім шартты орындамаған. Жауапкер келісім шарттың негіздерін бұза отырып, жалға алу  өтем ақысының  өсуіне жол берген.

Судьямен медиация жүргізілді

22/09/2017

2016 жылдың 1 қаңтарындағы  Азаматтық іс жүргізу кодексі судьялармен  медиацияны жүргізуді қарастырады.

Тәжірибеде көрсетілген  заң нормасы  іс жүргізу барысында  тараптар  арасындағы  дауларды шешу жолын жеңілдетеді.

2017 жылдың 9 айының қортындысы бойынша ШҚО Өскемен қалалық сотында 674 азаматтық іс медиациялық келісіммен бекітіліп,  іс жүргізу тоқтатылған.

Жоғарыда аталған істерді қарау барысында  судья медиатордың қатысуымен тараптардың бітімгершілікке келуіне шара қолданылған.

Алимент төлеуден жалтарған

22/09/2017

Соттың шығарған шешімін орындамау бойынша Семей қаласының мамандандырлыған әкімшілік сотында әкімшілік іс қаралды. Сот барысында, құқық бұзушы, қала тұрғыны Ж. Семей қалалық сотының 2009 жылдың 10 маусым айындағы сот шешімі бойынша  азаматша О.-ға пайдасының 1/4 бөлігін балаларға алимент ретінде төлеп тұру міндетінен бірнеше рет ескетілуіне қарамастан жалтарған.

Көкпекті ауданының № 2 сотында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай мемлекеттік тілді меңгеру бойынша байқау өткізілді

22/09/2017

Көкпекті ауданының № 2 сотында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай мемлекеттік тілді меңгеру бойынша сот қызметкерлері арасында байқау өткізілді.

«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау жөнінде» кездесу өткізілді

22/09/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау жөнінде» кездесу өткізілді.

Аталған шараға судьялар мен сот мамандары, адвокат, Катонқарағай аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әділет органдарының өкілдері және қоғам өкілдері қатысты.

Дау медиатордың көмегімен реттелді

22/09/2017

Семей қаласының №2 сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының, 1-бөлігімен көзделген, ұрлық жасаған аз.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сай сотталушы Семей қаласының Бобровка кентіндегі «Асер» дүкенінің маңайында жүріп, осы дүкенге сүйеліп тұрған жәбірленушінің құны 30 000 теңге тұратын волесипедін ұрлап кеткен. 

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

22/09/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  бойынша Украина азаматшасы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қорғау нұсқамасын бұзған

22/09/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 461-бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылған Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы Б., Курчатов қалаласының Полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, атап айтқанда бірге тұратын азаматша П.-ға отбасылық жалжал шығарған. Курчатов қаласы ПБ-нің ЖПҚ учаскелік инспекторы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған..

Жол жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

22/09/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотпен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды

22/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Б.-қа және Ж.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны,  Б. пен Ж. алкогольдік масаю күйінде екі адам өлтірген. Сотталушы Б. пен Ж. жәбірленушілердің дене мүшелерінің әр жерлеріне сынған шөлмек мойынымен, бізбен және жұдырықпен біреуіне 19 соққы, екіншісіне 82 соққы жасаған. Б. пен Ж.-тың қылмыстық әрекеттері салдарынан олар көптеген дене жарақаттарын алып, қылмыс болған жерде  естерін жинамай қайтыс болған.

Өзін асырау үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

22/09/2017

Бородулиха аудандық сотында  талап қоюшы Ш-ның жауапкерге өзін асырау үшін алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талап қоюшы Ш.  Жауапкерден ортақ баланы үш жасқа толғанша өзін асырау үшін алимент өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

«Халықаралық құқық нормаларын қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

22/09/2017

Глубокое аудандық соты «Халықаралық құқық нормаларын қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға Глубокое аудандық сотының судьясы И.Д.Рахметова, Глубокое ауданының аға прокуроры А.А.Безродных, кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша инспекторлары  А.Б.Ибраимова, А.А.Домашенко және көші-қон полиция инспекторы М.К. Калибеков қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде дөңгелек үстел өткізілді

22/09/2017

Глубокое аудандық соты «Пилоттық жобаны және медиацияны дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу үшін енгізу».

Іс шараға Глубокое аудандық сотының судьясы И.Д.Рахметова, Глубокое ауданының кәсіби емес медиаторлары Г.В.Берестова, Г.Г.Валиев, М.Т.Жамбуснова және Н.И.Тимофеев қатысты.

Қақтығыстан арылып, татуласты

22/09/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлімімен (Ұрлық, немесе біреудің мүлкін жасырын жымқыру) айыпталған Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық қудалау органдарымен Р. құны 50 000 теңге планшет ұрлады деп айыпталған.

Семинар сабақ өткізілді

22/09/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Соттың аумағына және сот ғимаратына  өткізу тәртібін сақтау ережесі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабаққа Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі  Ильбисинова Г.Б.,   взвод командирінің көмекшісі Есенбаев Н. және сотта кезекшілік атқаратын взводтың  полиция қызметкерлері Бейсенхан А., Жумекенов Н., Дангебаева А. қатысты.

Аягөз аудандық сотында «Жол қозғалысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/09/2017

Аягөз аудандық сотында сот төрағасы Р.А. Турабаевтың төрағалық етуімен «Жол қозғалысын ұйымдастырудағы проблемалық  мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Аягөз аудандық ҚАІІБ-нің жол патрульдік полиция қызметкерлері қатысты.

Сотты құрметтемегендері үшін жауапкершілікке тартылды

22/09/2017

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сотты құрметтемегендері үшін жауапкершілікке тартылған З. мен А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Сот отырысы барысында З. мен А.-ның қылмыстық іс бойынша сот процессіне қатысушы бола тұра, сотқа алкогольдік масаң күйде келгендері анықталды, ол дәрігерлік куәландіру қорытындысымен расталды.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында семинар сабағы өтті

22/09/2017

Глубокое аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбақов және сот мамандарының қатысуымен  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі қағидаттары» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Кеңсе меңгерушісі өз баяндамасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне» сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын атап өтті.

Дөңгелек үстел өткізілді

22/09/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен Катонқарағай МҰТП ғимаратында  «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар мен сот қызметкерлері, Катонқарағай ХҚКО және МҰТП өкілдері қатысты.