Тарбағатай аудандық сотының ғимаратында ЭЦҚ алу үшін және арызды немесе хат-хабарды сол жерден «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау үшін арнайы бұрыш ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылдың 26 қаңтарында бекіткен Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді eнгізу пилоттық жоба аясында азаматтарға сот ғимаратында ЭЦҚ алу үшін және арызды немесе хат-хабарды сол жерден «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау үшін арнайы бұрыш ашылды.

ЭЦҚ беретін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ қызметкері қасында азаматтарға «Сот кабинеті» сервисін қолдану бойынша кеңес беретін қызметкер бекітіліп, насихаттау бойынша іс ‑шаралар өткізілуде.

«Сот кабинеті» сервисі сот төрелігінің ашықтығын әрі қол жетімділігін қамтамасыз етеді, уақыт пен қаражатты үнемдейді, жолданған арыз немесе хат-хабарлардың қозғалысын бақылау мүмкіндігін береді, сонымен қатар аталған сервисті кез келген уақытта және кез келген жерде қолдануға мүмкіндік береді. Осыған қоса  «Сот кабинеті» мобильді қосымшасы да бар, және де ең бастысы «Сот кабинеті» сервисін қолдануға қажетті ЭЦҚ ‑ның сот ғимаратында алу мүмкіндігі туды.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі