Зайсан аудандық сотында қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында көлік құралын басқаратын адамның адам өліміне әкелген жол жүру ережесін бұзу қылмыстық ісі бойынша аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев  аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыттың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы қаралған қылмыстық істің мән-жайын баяндады. Сот тергеуінде анықталғандай азамат Ж. Омбы-Майқапшағай тас жолының 1238 шақырымында, жол қозғалысы ережесінің 9.4 тармағын бұзып, яғни қарама-қарсы жол бағытына шығып кетіп, өз жол бөлігінде жүріп келе жатқан К-ның басқаруындағы автокөлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Жол-көлік оқиғасының  салдарынан жолаушы болып келе жатқан Ж. оқиға орнында қайтыс болған.

Зайсан аудандық сотының үкімімен  сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, жәбірленушінің кешірім бергенін ескеріп, автокөлік жүргізу құқығынан бес жылға айыра отырып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айрылған, ҚК-тің 63-бабы негізінде шартты жаза тағайындалған, екі жыл алты айға пробациялық бақылау қойылған.

Брифинг барысында аудандық сот төрағасы тілшінің қылмыстық іс бойынша қойылған сұрақтарына жауап берді, брифингке қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі