«Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау жөнінде» кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау жөнінде» кездесу өткізілді.

Аталған шараға судьялар мен сот мамандары, адвокат, Катонқарағай аудандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әділет органдарының өкілдері және қоғам өкілдері қатысты.

 Өз сөзінде кеңсе меңгерушісі Э. Жансултанова ҚР Жоғарғы Соты медиация институтын күшейту мақсатында әзірлеген жобаның артықшылығы мен ерекшелігін атап өтті. Ол медиацияны міндетті түрде өткізу қажет болатын даулар санаттарына баса назар аударды, сонымен қатар пилоттық жобаның 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғанын айтты. «Пилоттық жоба азаматтық істерге мамандандырылған, ауданаралық экономикалық, ювеналды, аудандық және оларға теңестірілген  соттарда балаларға қатысты алименттер туралы, неке бұзу, мүлікті және мұрагерлікті бөлу, шығарып жіберу, еңбек және басқа да міндеттемелер туралы дауларды сотқа дейінгі реттеуді көздейді» - деп атап өтті.

Шараны қорытындылай келе қатысушылар жобаның қоғамда даулы жағдайлардың азайуына әкелетіндігін және оны жүзеге асыруға дайын екендігін білдіріп, жағымды жақтарын талқылады.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі