Архив событий

14/09/2017

Зырян аудандық соты сот жүйесінің ардагерін мерей тойымен құттықтады

14/09/2017

Зырян аудандық сотында сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Лунькова Валентина Петровнаның 70 жасқа толу мерей тойына байланысты салтанатты шара өткізілді.

Валентина Петровна 1985 жылы 30 маусымда Зырян ауданының халық сотының судьясы болып сайланды. 1995 жылы 19 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зырян қалалық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын» зерделеу» атты тақырыбында семинар өткізілді

14/09/2017

Марқакөл ауылдық кітапханасында «Қазақстан Республикасының тілдер туралы Заңын» зерделеу» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот қызметкерлері, тіл саласындағы мамандар қатысты.

Семинар барысында Заңның реттейтiн мәселесi, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға қолданылып жатқан іс-шаралар туралы айтылды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзышылықтар туралы істерді қарау кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді

14/09/2017

Шараға  судья А.Байжуменова және  Ұлан ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында сөз алған қалалық сот судьясы А.Байжуменова, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа әкімшілік кодексімен әкімшілік істерді қаралу рәсімі айтарлықтай өзгеріп, әкімшілік іс өндірісі оңайлатылғанын және айыппұлдарды төлеуді ынталандыратын механизмдер еңгізілгендігі туралы атап өтті.

«Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» атты тақырыпта семинар өтті

14/09/2017

Глубокое аудандық сотында құқықтық сауаттылықты және сот қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру мақсатында кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбақов және сот мамандарының  қатысуымен  «Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Бас маман - сот отырысының хатшысы З.Тусупова  соттың мамандарына азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді дұрыс және тиісті түрде апелляциялық сатыға жолдау туралы айтып өтті.     

Зырян аудандық сотының тергеу судьясы электронды түрде санкциялауды талқылау бойынша өткізілген дөңгелек үстелге қатысты

14/09/2017

ШҚО Зырян ауданының прокуратурасының ғимаратында  бейне-конферец байланысы арқылы «Алу және тінтуді электронды форматта санкциялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған сұрақты талқылауға Зырян ауданының тергеу судьясы Е.М.Костубаев, прокуратура және Зырян ҚАІІБ-нің қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері қатысты.

ҚСК және АЕ алу және тінту туралы  өтініш хаттарды прокуратура және соттармен электронды түрде қарау бағдарламасы әзірленіп жасалған.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасында Халықаралық шарттардың нормаларын қолданудың негіздері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

14/09/2017

Семинарға сот төрағасы А.Аринова судья А.Байжуменова және сот мамандары  қатысты.

Сот төрағасы А.Аринова баяндама жасап,  Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына тоқталды.

БҰҰ халықаралық балалар қорының өкілдерімен судьялардың кездесуі өткізілді

14/09/2017

Бірікен Ұлттар Ұйымы халықаралық  балалар қорының  өкілдерімен Зырян ауданының № 2 аудандық сотының  және Зырян аудандық сотының  судьялары мен  БАҚ өкілдерінің  қатысуымен  «Балалардың  құқықтарын  қорғау  және әділдікті атқару  жүйесін  нығайту» тақырыбында және  заң аясында  балаларға көмек  көрсету  туралы пилоттық  орталықтардың  ілгерілеуіне  аралық баға  беру  жоспарын  іске асыру  мақсатында Шығыс Қазақстан облысының  Зырян аудандық сотының ғимаратында кездесу өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

14/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы «Ашық есік күнін» өткізді.

Сот төрағасы Б. Ә. Кәсенов азаматтарға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-өтініштеріне қанағаттанарлық жауаптарын алды. Көбінесе қойылған сауалдар соттың заңды күшіне енбеген шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, наразылық білдіру мерзімдері, және апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық беру мерзімін қалпына келтіру тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Дауды реттеудің балама жолы

14/09/2017

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға ШҚО МАЭС судьялары, ШҚО прокуратурасының, ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің, ШҚО адвокаттар алқасының және ШҚО Әділет Департаментінің өкілдері қатысты.

«Ашық есік күні»

14/09/2017

Күршім ауданының №2 сотының ғимаратында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-басты міндеттердің бірі» атты тақырыпта «Ашық есік күні» өткізілді.

Осы күні сот ғимаратына келушілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық   және Заңға сәйкес өзге де шаралар түсіндірілді. Келушілер назарына  қылмыстық жауапкершілік пара алушыға ғана емес, сонымен қатар   пара берушіге де қолданылатыңдығы жеткізілді.

Балықты заңсыз тасығаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

14/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 389 бабының 1- бөлігімен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау))  азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М., өзінің  автокөлігімен 169,5 кг  балықтарды заңсыз алып өткен. Балық тасуға жолдама құжаттары болмаған. Сөйтіп, М., Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты  жасаған.

Шығынды өндіру туралы дау бейбіт жолмен шешілді

14/09/2017

Талапкер жауапкерге шығынды келтірілген залалды өндіру туралы талабымен жүгінген.

Өз талабында талапкер жауапкердің жұмыскері болған кезде, өз автокөлігімен жол-көлік апатын жасағандығын мәлімдеді. Шығын көлемі үлкен болғандықтан жауапкер ұсынысымен авто-техникалық сараптама белгіленген.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешуге келісімге келді. Келісім бойынша жауапкер талапкерге шығынды толығымен төлеп беруге міндеттенді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» семинар өткізілді

14/09/2017

Семинарды аудандық сот төрағасы А.Аринова ашып, осы заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін атап өтіп, жеке және заңды тұлғалар тарапынан берілген өтініштер бойынша жұмыстар жүргізіп, жауаптар берілуіне назар аудару қажеттігін айтты.

Автокөлікті айдап әкеткені үшін сотталды

14/09/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-тің 200-бабының, 1-бөлігімен (айдап әкету, яғни көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) азамат Г-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытымен қозғалған

14/09/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Мұрагерлікті қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

14/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотына С. азаматы әжесінің қайтыс болғаннан кейін пайда болған мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру талабымен арызданған.

Сот С.азаматқа әжесіні қайтыс болуы туралы хабар жетпегендігін, ол кезде басқа мемлекетте тұрғанын, сол себепті, мұрагерлікті қабылдау мерзімін өткізіп алғанын анықтаған.

Сот мерзімді өткізіп алуды дәлелді деп танып,  мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді

Жол-көлік оқиғасы салдарынан туындаған залалды өндіру медиация тәртібімен шешілді

14/09/2017

лубокое аудандық сотымен Д. -дан жол-көлік оқиғасы салдарынан туындаған залалды өндіріп алу туралы Л. -ның талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер талап арызын 300 000 теңгеге азайтып, ал жауапкер 2017 жылғы қазаннан бастап 2018 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта 10 айда, ай сайын 30 000  теңге төлемімен материалдық шығынның мөлшерін төлеуге міндеттелетін  медиациялық келісімді бекітуді сұрады. Талапкер осы талаптардың негізінде талап-арыздан бас тартады.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді

14/09/2017

Семинарға Таврия сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы В.Казак, Таврия полиция  бөлімінің кеңсе маманы Г.И.Волощенко, Таврия ауылдық халыққа қызмет көрсету  бөлімінің маманы И.И.Корнева, Таврия ауылдық әкімдігінің бас маманы З.Қасымова және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында мұражай ашылды

14/09/2017

Бұрынғы қара қылды қақ жарған алқабилердің тарихынан сыр шертетін мұражай бүгінгі күнге дейін жүргізіліп жатқан сот жүйесі жөнінде де хабар береді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің басшысы А. О. Айтпай және сот төрағасы Б. Ә. Кәсенов мұражайды салтанатты түрде ашып, өз тілектерін білдірді.

Салтанатты рәсімге судьялар Е.С. Қоянбаев, Л.А. Побияха, Н.А. Жақсыбекова және кеңсе мамандары қатысты.