Архив событий

20/09/2017

Әкелікті даулау медициялық келісіммен шешілді

20/09/2017

Өскемен қалалық сотында азамат Ж. азаматша С.-ға әкелікті даулау туралы талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында бітімгер-судьяның қатысуымен тараптар өзара келісімге келіп, дауды медициялық келісіммен шешу жөнінде бітімге келді. Келісім бойынша жауапкер ортақ баласына әкелікті ерікті түрде рәсімдеуге келісті, ал талапкер өз кезегінде талабынан бас тартты.

Экономикалық сотта семинар өтті

20/09/2017

 ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе қызметкерлері арасында «Жеке ұйғарым» тақырыбында семинар өткізілді.

 Аталған тақырыпта бас маман Я. Лебедеваның баяндамасы тыңдалып, тақырыптың негізгі аспектілері айтылды.

Баяндама аясында, мемлекет пен қоғамда жеке ұйғарым айтарлықтай орын алады, бірінші кезекте, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қалпына келтірумен қоса,  ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі заңдылықты қалпына келтіруге бағытталатыны туралы атап өтілді.

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты «Қазақстан Республикасындағы медиацияның даму мәселелері» тақырыбында Таврия ауылындағы Мәдениет үйінде дөңгелек үстел өткізді

20/09/2017

Дөңгелек үстелге Ұлан ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Д.Аринова, судья А.А.Байжуменова, Ұлан ауданының прокурорының көмекшісі Б.А.Мамбетов, «Шығыс-Қазақстан облысы бойынша ұлттық медиаторлар палатасы»  директоры кәсіби медиатор заң ғылымдарының докторы М.И.Дячук, Ұлан ауданының ІІБ ЖПҚ басшысы полиция подполковнигі М.К.Бұғыбаев, Таврия полиция бөлімшесінің басшысы полиция майоры С.А.Абдрахманов, Таврия ауылдық аймағының әкімі Д.А.Уахитов, Ұлан ауданының кәсиби емес медиаторлары Ш.К.Утепов, К.Омаров, П.И.Гречухин, сот мамандары  мен ауыл тұрғындары қатысты.

Газет тілшісімен сұхбат

20/09/2017

Курчатов қалалық сотының судьясы А.К.Сыздыков «Курчатов көкжиегі» газетінің тілшісіне сұхбат берді. Тілшіге Қазақстандағы медиация институтының дамуы туралы, Жоғарғы Соттың жекелеген санаттар бойынша дауларды сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің жаңа пилоттық жобасы туралы түсініктеме берілді.

Катонқарағай ауданының № 2 сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді

20/09/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға судьялар, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Сот шешімімен денсаулыққа келтірілген зиян өндірілді

20/09/2017

Өскемен қалалық сота аз.Е.  «Ю» ЖШС-не  денсаулыққа келтірілген зиянды, өткен пайданы және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Талап бойынша, жауапкердің салдарынан жол көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде автокөлікке зиян келіп және  талапкердің денсаулығына орташа жарақат келтірілген.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өткізілді

20/09/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент Басшысының 05.03.2016 ж. қаулысымен бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбына сот мамандардың қатысуларымен зерделеу семинар сабағы өтті.

Әкімшілік қадағалау заңнамасын бұзғаны үшін ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды

20/09/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 480-бабының, 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,  К. Курчатов қалалық Полиция бөлімінің «әкiмшiлiк қадағалау» санаты бойынша есебінде бола тұра,  дәлелді себептерсіз тіркеуге келмей, әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзған.

Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

20/09/2017

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 187-бабының 1-бөлігімен  (ұсақ-түйек жымқыру) И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы И. жәбірленуші З.-ның пәтерінде қонақта болып, соңғысына тиесілі «Samsung» маркалы ұялы телефонын жасырып ұрлап кеткен. Өзінің қылмыстық әрекетімен И.  жәбірленушіге 3000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Онлайн режимде сот отырыстарын өткізу сұрақтары бойынша семинар өтті

20/09/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында ШҚО бойынша Соттар Әкімшісінің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық рестурстарды қорғау бөлімінің мамандарымен «Аудио-бейне жазба жүйесі бағдарламасын меңгеру» және «Соттар арасында және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен ойлайн сот отырыстарын өткізу» тақырыбында бейнеконференцбайланыс арқылы семинар өткізілді. Семинарға қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот мәжілісінің хатшылары, және де бейнеконференцбайланыс арқылы шалғайдағы аудандық соттар қатысты.

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары Абай ауданының тарихи жерлеріне барып қайтты

20/09/2017

Семей қаласының ювеналды сотының мамандары қазақ жазушысы, «Абай жолы» романының авторы М.Әуезовтың 120-жылдығына қарсы Абай ауданының тарихи жерлеріне барып қайтты.

Сапардың мақсаты - ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.

Сапардың міндеттері Мемлекет Басшының Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына негізделген. Басты міндеттер: еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас Ұлт болу үшін бұқаралық сана­­ны өзгертіп, өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын, бірегей экологиялық тұрмыс салтын сақтау.