Архив событий

21/09/2017

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

21/09/2017

Глубокое аудандық сотымен, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, Глубокое ауданы Белоусовка кентелоусовка кентінің тұрғыны С. бірге тұратын М.-мен  арасында туындаған ұрыс кезінде балағатты сөздер айтып, оның ар-ожданын қорлаған.

Сот жұмыскерді қайта жұмысқа орналастырып, еңбек ақысын өндірді

21/09/2017

Курчатов қалалық сотымен Т.-ның «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның «Атом энергиясы институтының» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнына жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақы өндіру және моральдық зиянның өтемін төлету туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Судья лауазымына үміткерлер мен тәжірибеден өтушілер арасында семинар өткізді

21/09/2017

Өскемен қаласының №2 сотында сот төрағасы Г.Әділбаева судья лауазымына үміткерлер мен тағылымдамадан өтушілер А.Бектыбаева мен Ж.Касенованың қатысуымен семинар өткізді.

«Қылмыстық іс бойынша сот тергеуі» тақырыбында сот төрағасы Г.Әділбаева, сот тергеуінің басындағы сұрақтар жайлы, айғақтарды ұсыну және зерттеу тәртіптері, сот ісіне қатысушылардан жауап алу тәртіптері туралы  айтып өтті.

Сот тергеуінде Қылмыстық-процестік кодексінің жалпы тәжірибе дағдысында қолданылуы талқыланды.

ШҚО Көкпекті аудандық соты халықпен кездесу өткізді

21/09/2017

ШҚО Көкпекті аудандық соты Теректі ауылдық округінің әкімшілігі ғимаратында  «Медиация туралы» Заңының талаптарын халыққа түсіндіру мақсатында халықпен кездесу өткізді.

Өткен іс-шараға  Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы, Теректі ауылдық округінің әкімі Е.Кузембаев, акимат қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар Ж.Даирбеков, А.Багадиев, ақсақалдар алқасының мүшелері, шаруа қожалықтарының басшылары, жастар одағының мамандары, жеке кәсіпкерлер, Теректі ауылдық округінің халқы қатысты.

Алимент өндіру туралы талап медиация тәртібімен қысқартылды

21/09/2017

Глубокое аудандық соты талапкер К.-нің жауапкер А.-дан өзін асырауға алимент өндіру туралы талап арызды медиация тәртібімен шешті.

 Талап қоюшы К. заңды некедегі  ортақ бала Б. үш жасқа толғанға дейін асырауға материалдық көмек қажет болуына байланысты талап арызбен сотқа жүгінген. 

Жариялылық пен ашықтық

21/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Мой город» газетінің тілшісі Р. Кудиновтың қатысуымен «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

Медиация процедурасының артықшылықтары туралы

21/09/2017

Өскемен қаласының №2 сотының судьясымен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.   

«Медиация фактілерге сәйкес көтеген ғасырлар бойы әртүрлі нұсқада әрекет етіп келеді, және бүгінгі күні де өзінің заманауи түрінде әйгілі, және бірнеше он жылдықтар бойы жетілген елдермен мойындалған. Медиацияның еріктілік, құпиялылық, дауды жылдамырақ шешу сияқты бірқатар басымдылықтары бар. 

Қоғамдық жұмысқа тартылды

21/09/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 296-бабының, 2 бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Медиация институтын насихаттау»

21/09/2017

Көкпекті  аудандық сотында  сот  төрағасы Ә.Бақытбекұлымен полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Медиация институтын насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға  Көкпекті АІІБ-нің ЖПҚ бастығының орынбасары Д.Даукенов және Көкпекті АІІБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары  қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

21/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б. Ә. Кәсенов   БАҚ өкілдеріне  брифинг өткізді.

Сот төрағасы Б. Кәсенов С.-ға қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сауалдарына жауап берді.

Сотпен анықталғаны, азамат С. алкогольдік масаю үстінде жасөспірім баланы аса қатыгездікпен, қасақана өлтіріп және жәбірленушінің анасын  оқиға туралы жалған айғақ беруге оның денсаулығына зиян келтіру қатерін төндіру арқылы мәжбүрлеген.

Сот әкімшілік құрамының жоқ болу себебінен әкімшілік іс өндірісін қысқартты

21/09/2017

Глубокое аудандық сотымен Тәжікістан Республикасының 6 азаматына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 517 бабы 5 бөлімі бойынша әкімшілік ісі қаралды.

Глубокое аудандық ІІБ-нің инспекторының толтырған хаттамасына сәйкес, Тәжікістан Республикасының азаматтары жұмысқа орналасу рұқсатынсыз заңды тұлғада жұмыс атқарған. Осы себептен, азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚБК-нің 517 бабы 5 бөлімі бойынша сараланды.

Көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

21/09/2017

Глубокое аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының, 1-бөлігімен (әрі қарай ҚР ҚК) (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.