Архив событий

27/09/2017

«Сот органдарындағы процессуальдық емес байланысты орнықтырмаудың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңыздылығы» атты тақырыбында семинар сабақ өтті

27/09/2017

Тарбағатай аудандық сотының аға сот приставы У.Атанбаев «Сот органдарындағы процессуальдық емес байланысты орнықтырмаудың  сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңыздылығы» атты тақырыбында кеңсе мамандары арасында семинарлық сабақ өткізді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/09/2017

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің (бұдан әрі- ӘҚБтК) 73-1 бабының 1 бөлігі бойынша Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Б.  Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында өзінің тұрғын үйінде М-мен сөзге келіспей қалып, оған жеңіл дәрежеде дене жарақатын салғаны анықталды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында айыпталушы теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

27/09/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам  көлік құралын басқа адамға беруі)  қылмыстық іс қаралды.

Б. алкогольдік мас күйінде көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра автокөлік құралын басқарып, ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасаған.

Өскемен қаласының «Шоқан Уалиханов атындағы № 3 көпбейінді мектеп - гимназия» КММ-де судьяның қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілгі» тақырыбында дәріс өткізілді

27/09/2017

Өскемен қаласының «Шоқан Уалиханов атындағы № 3 көп бейінді мектеп - гимназия» КММ-де ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының судьясы С.М.Тұтқанбаеваның бастауымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілгі» тақырыбында, 7,8,9,10,11-шы сынып оқушыларының ата-аналары, мектеп басшылары және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторының қатысумен лекция өткізілді.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты колледж студенттерімен кездесу өткізді

27/09/2017

Құқықтық сана-сезімді жоғарылату және медиацияның маңыздылығын насихаттау мақсатында Семей қаласының ювеналды сотының кеңсе мпеңгерушісі А.Ахметова Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуге  кәсіби медиатор О.Кузнецова және колледждің тәрбие істері жөніндегі оқытушылар мен студенттері қатысты.

Бородулиха аудандық сотында Қазақстан халықтары тілдері күніне орай жиын өткізілді

27/09/2017

Бородулиха аудандық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен Қазақстан халықтары тілдері күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Сот төрағасы С.Д.Байбосынова өзінің сөзінде, Қазақстан халқының тілдер Күні – достастықтың белгісі, еліміздің  барлық азаматтарының бірлігі мен ынтымағы екендігін атап өтті. Халық достастығы, өзара түсінушілік пен серіктестік - келер болашақтың ірге тасы.  Қазақстан Республикасының әр-бір азаматы өз ана тілін еркін қолдануға, білім алуға және шығармашылық тілін  таңдауға құқылы.

Бітімге келді

27/09/2017

Семей қалалық сотымен салынған құрылыс обьектілерін бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкерлер жауапкердің заңсыз және құрылыс нормаларын бұзу арқылы шекарадан 3 метр қашықтықты сақтамай әжетхана, гараж, және ағаштан монша салуды бастаған. Ал жауапкер болса талапкердің тұрғын үйінің өрт қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтінін алға ұстап, 73 550 теңге көлемінде сот шығындарын өндіру туралы талапкерге қарсы арыз берген.

Құқық қорғау органдары тарапынан болған бұзушылықтар жеке ұйғарым шығаруға себеп болды

27/09/2017

Семей қалалық соты заңдылықты бұзу фактілері орын алғанына орай жеке ұйғарым шығарды. Жеке ұйғарым азаматты мәжбүрлеп маскүнемдікпен емдеуге жіберу туралы азаматтық істі қарау нәтижесінде шығарылды. Азаматтық істі қарау барысында науқас туысының наркологиялық диспансерге жүгіну уақытынан бастап алты ай ішінде өз шешімін таппағаны анықталды және оның құқық қорғау органдарына берген бірнеше шағымдары жауапсыз қалған.

Дөңгелек үстел өтті

27/09/2017

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрағаның бастауымен, «Шакарима атындағы № 1 орта мектебі», «№ 2 мектеп - гимназия», «Шоқан Уалиханов атындағы № 3 көп бейінді мектеп - гимназия», «№ 4 орта мектеп», «№ 5 орта мектеп», «№ 6 орта мектеп», «№ 7 орта мектеп», «№8 орта мектеп», «№ 9 орта мектеп» КММ директорларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тараптар ортақ келісімге келді

27/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған К. есімді азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабының 2 бөлімі 3-тармағымен қарастырылған қылмыстық іс қаралды.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы

27/09/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан халқының тілдер күніне «Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараға қатысқандар: сот төрағасы Б. Ә. Кәсенов, судьялар Е. С. Коянбаев, Қ. Б. Зәбенов, Л. А. Побияха, Н. А. Жақсыбекова,  кеңсе меңгерушісі А. К. Кайсанова, сот кеңсе мамандары.