Көкпекті ауданының № 2 сотында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай мемлекеттік тілді меңгеру бойынша байқау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының № 2 сотында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай мемлекеттік тілді меңгеру бойынша сот қызметкерлері арасында байқау өткізілді.

Сот  төрағасы Н.Нұралинов өз сөзінде қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің бірі екендігін атап өтті. Қазақ тілінің сөздік қоры 2,5 миллион сөзді қамтиды.  XIX ғасырдың өзінде шығыс және түріктанушы В.Радлов: «Әлемдегі тілдердің арасында үш тілді  – қазақ,  орыс және фрунцуз тілдерін ең данқты тілдер деп  санаймын» - деп айтқан. Орыс, неміс, қазақ тілінің білгірі - Герольд Бельгер, «қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 2 миллион 550 мың сөз енген, ал В.Дальдың атақты «Толковый словарына» не бәрі 200 мың ғана сөз енген» деп жазған.

Мемлекеттік тіл аясында өткізіліп отырған байқаудың қорытындысы бойынша сот приставы Р.Сүйеукенов бірінші орын алып,  мадақтамамен марапатталды.   

 

Көкпекті ауданының № 2 сотының

баспасөз қызметі