«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында сот қызметкерлері арасында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Катонқарағай аудандық сотының бас маманы Ш.К. Темиржанова Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшіне енген сәттен бастап орындалуға жатады.

Арнаулы құқықтан айыру түрінде әкімшілік жаза қолдану және әкімшілік қамау туралы қаулы ол шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады. Қаулы оны орындауға келтіруге уәкілеттік берілген органға (лауазымды тұлғаға) ол заңды күшіне енген күннен бастап бір тәуліктің ішінде жіберіледі. Арнаулы құқықтан айыру және әкімшілік қамау түрінде әкмшілік жазаларды қолдану туралы қаулы ол шығарылғаннан кейін дереу оны орындауға келтіруге уәкілеттік берілген органдарға жіберіледі.

Іс шара қорытындысында сот актілерін орындауға байланысты мәселелер талқыланып өз ойларымен бөлісті. 

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі