Әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 сотымен жеке кәсіпкер И. қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабы  3-бөлігімен, яғни  мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды орындамау  бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінін қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Катонқарағай аудандық қоғамдық  денсаулық сақтау басқармасы» РММ өздерінің құзыретi шегiнде берген санитарлық  нұсқамаларды орындамаған.

Сот қаулысымен құқық  бұзушы ӘҚБтК-нің 462-бабы, 3-бөлігімен кінәлі танылып, оған жаза ретінде стомотологиялық кабинетінің қызмет түрлерін тоқтатумен қоса, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық

сотының баспасөз қызметі