Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Көкпекті аудандық  сотында Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты  азамат Д-ға қатысты   қылмыстық іс қаралды.

 «Skoda SuperbВ6» маркалы автокөлік жүргізушісі аз.Д. «Омск – Майқапшағай» тас жолымен Зайсан қаласынан Көкпекті ауылына қарай келе жатып, тас жолдың 284/1037 шақырым  аумағында, жолдың жағдайын ескермей, бұрылыстағы көліктің жылдамдығын азайтпай, басқарып отырған көлігіне ие бола алмай, қарама-қарсы жол бағытына шығып, кетіп өзінің бағытымен келе жатқан «Toyota Camry» автокөлігіне соқтығысқан. Осы оқиға салдарынан «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісі аз.Е. дене жарақатын келтірген.

Сөйтіп,  аз.Д. өзінің іс-әрекетімен ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-ші бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасаған, яғни «Көлік құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан, бұзуы» болып табылады.

Сотта сотталушы Д. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, істегеніне өкінді.

Аз.Д. Қазақстан Республикасының ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 100 (жүз) сағат мөлшерінде қоғамдық жұмыстарға тартуды және ол көлік құралын жүргізу құқығынан 1 (бір)  жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі