Абай аудандық сотының төрағасы Е.Е. Адильбеков «Ашық есік күнін» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай аудандық сотының төрағасы Е.Е. Адильбеков «Архат» ауылдық округінің әкімі аппаратында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Төраға іс-шараға келген ауыл тұрғындарына Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот пилоттық жоба  жөнінде де  түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халық аралық пактілерге тоқталып өтті. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-өтініштеріне қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Абай аудандық сотының төрағасы ауыл тұрғындарына өздерінің құқықтарын сот арқылы қорғауға болатындықтары жөнінде кеңінен тоқталып өтті. 

 

Абай аудандық сотының

баспасөз қызметі