ШҚО Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  № 2  аудандық сотында дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға «Самар аймағының кәсіпқой емес медиаторлары, әкңмшіліктің өкілдері, құқыққорғау органының өкілдері мен сот қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында сот  төрағасы Н.Нұралинов ағымдағы жылдың басынан Жоғарғы Сотымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді пилоттық жоба енгізілгенін ескертті.  Аталған пилоттық жоба  ағымдағы жылдың шілде айына дейін жүзеге асырылған болатын, дегенмен ол жылдың аяғына дейін ықпал ететіндігін,  кейінгі  сотқа дейін реттеу істердің санаттарын мақсатқа лайықтылықты анықтау туралы ұсыныстарын енгізу керек екені туралы атап өтті. Сонымен бірге спикер сотқа дейін реттеу істердің санаттарының шеңбері кеңейтілгенін түсіндіре келе, жаңа санаттағы істерді қосты, әсіресе мүлікті меншік құқығы деп тану, тауар жеткізілімі, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша,  тұтынушылардың құқықтарын қорғау, корпоративтік даулар туралы және медициналық қызмет көрсетуіне байланысты дауларды кіргізді.

Кездесуді қорытындылай келе қатысушылар сот органдарына жүгінбей-ақ, дауласқан тараптар мен медиаторлардың арасындағы түсінушілікпен татуластыру рәсімдерін өткізіп, медиацияның артықшылары туралы пікірлерімен бөлісті.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі