Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация – татуласудың оңай жолы» тақырыбына тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен Катонқарағай ауылдық округінің ғимаратында «Медиация – татуласудың оңай жолы » тақырыбына тренинг өткізілді

Тренингкке Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының судьясы Г.Т.Кудербаева, ауылдық округінің және аудандық «Арай-Луч»газетінің өкілдері қатысты. Тренингті өткізу мақсаты – медиация  тәртібімен таныстыру.

Жаңадан қабылданған Азаматтық процесуалдық кодексте өзекті мәселенің бірі медиация институты. Яғни, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы  Азаматтық процестік кодексінде  көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хатты мәлімдей алады, - деп көрсетті судья Г.Т.Кудербаева

 Іс шараға қатысушылар танысу тренингті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік пен табыс тіледі.

 

Катонқарағай  ауданының №2

аудандық сотының баспасөз қызметі