«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Т.Шымыровпен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына аудандық ІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Е.Т.Шымыров  баяндамасында, сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл мемлекеттік  саясаттың басты міндеті болып табылатынын, сондықтан онымен күрес әр орган мен мекеменің, жалпы қоғамдағы әр азаматтың борышы  екендігіне тоқталды.

Семинар  қорытындысы бойынша мәжіліске қатысушылар пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ұсыныстар айтты.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі