Электрондық сот бұйрығы арқылы іс жүргізу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 07 қыркүйегінде «Регион Пресс» газет тілшісінің қатысуымен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі А. Жилкашиновамен «Электрондық сот бұйрығы арқылы іс жүргізу» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

Іс-шараны өткізу барысында, А. Жилкашиновамен «100 Нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін электрондық сот бұйрығы арқылы іс жүргізу туралы айтылды.

Баспасөз-конференциясы аясында 2017 жылдың 17 шілдесінен бастап Республика соттарында сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электрондық үлгіде қарау бойынша жоспар енгізілген. Бұл жаңашылдық электрондық іс жүргізуде талап арыздың қабылданған және тіркелген кезінен сот актісінің заңды күшіне енгеннен кейінгі орындауға жіберілгенге дейін сатысын қамтиды.

Тілшіге барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Баспасөз қызметі

ШҚО МАЭС