Банк өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында сот қызметкерлеріне, Семей қаласындағы  «Forte Bank» АҚ-ның филиалы мамандарына дөңгелек үстел өткізді.

 Сот төрағасы Р.Ақпар өз сөзінде, республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша Жоғарғы Сот Төрағасымен өкімімен бекітілді және жоба қатысушылардың бірі ювеналды соттар болып табылатынын атап өтті.

Семинарға қатысушыларға медиацияны жүргізу міндетті болып табылатын даулардың санаттары түсіндірілді: баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы, қарыз келісімшарттары бойынша, пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша, сақтандыру және кейбір еңбек даулары, сонымен қатар пилоттық жобаның  мақсаты, міндеттері,қағидалары, жобаны  іске асыру мен медиация жүргізу тәртібі түсіндірілді.

Соңында сот төрағасы аталған тақырыпқа байланысты  қатысушылардың қойылған  сұрақтарына толық жауаптар берді.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі