2017 жылдың 8 айындағы атқарылған сот жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатқа соттың судьялары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сот төрағасы соттың 8 айлық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Статистикалық мәліметтерге сай, 2017 жылдың 8 айында сотпен 16 қылмыстық, 124 азаматтық және 95 әкімшілік істер қаралған. Төраға медиация жөнінде сұрақтарға тоқталып,  медиация–жанжалдарды шешудің кілті, дауларды реттеу баламасы, сотқа дейінгі дауларды шешілуін  қамтамасыз ететін дауласушылық деңгейін төмендету және екі жақты  қанағаттандыратын  және өзара тиімді  бітімгершілік  келісіміне қол жеткізу екенін, осылайша, тараптардың уақыты мен қаражатын үнемдейтінін, сот жұмысын жеңілдетіп,  дауды шешудің балама жолдары маңызды және актуалды болып келетінін, олардың арасында басты орынды делдал арқылы татуластыру процедуралары алып отырғанын түсіндірді. Өткен мерзімде Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен 6 қылмыстық, 9 әкімшілік және 21 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды.  

Шара соңында сот төрағасы  БАҚ өкілдеріне баспасөз маслихатқа қатысқандары  үшін алғысын білдірді.

 

Катонқарағай №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі