Сотпен ананың құқығы қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының ювеналды сотында азаматша И.-дың «№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ-не ата-аналық құқығын қалпына келтіру туралы талап арызы қаралды.

Істі қарау барысында талапкер өткен жылдың желтоқсанында Семей қаласының ювеналды сотының шешімен кәмелетке толмаған екі баласына қатысты ата-аналық құқығынан айырылғаны анықталды. Ата-аналық құқығынан айыруға оның өзінің ата-аналық құқығын теріс пайдалануы, яғни аталған құқықтарды баланың мүддесіне қарсы қолдануы негіз болған.

Сотқа ұсынылған құжаттарға сәйкес, талапкер түпкілікті түзелген, тұрғылықты жері бойынша жағымды мінезделеді, жұмысқа тұрған, тұрақты жалақысы, тұрғылықты жері бар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Сотта қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілінің қатысумен кәмелетке толмаған балалар анасының ата-аналық құқығын қалпына келтіруге келісімін берді, олар анасымен тұрғысы келеді.

Сот И. ұсынған өзінің түзелгендігі туралы дәлелдемелерді бағалап, ата-аналық құқығын қалпына келтіру туралы талап арызды қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі