Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 19   (09 наурыз 2006  жылғы №2 және  25 маусым  2010 жылғы №17  Нормативтік Қаулысын өзгертілген және толықтырулармен)  «Сот үкімі туралы»  Жоғарғы Соттың Нормативтік Қаулысын зерделеу бойынша  судьялар арасында семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында процесуалдық құжат ретінде сот шешімінің  қабылдау ережесі мен тәсілдері зерделеніп, сотпен істің нақты оқиғасы бойынша қолданылатын құқықтық нормасының  логикалық және құқықтық нәтижесі болып табылатынын және үкімді дайындау кезінде заңмен қойылатын талаптарға сәйкес жасалатыны, алайда сот үкім шығарған кезде кемшіліктер кездесетінін, ол сот актісінің бұзулуы мен өзергертілуіне әкеп соғатыны жөнінде айтылды.

Семинар сабағының басты мақсаты, судьяларға нақты құрал ретінде сауатты және санатты сот шешімін құрауға, сондай-ақ семинарда әдістемелік ұсыныстарды қолдана отырып, сот актілерін құрау мүмкіндіктерін көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.

 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі