Пошта байланыс бөлімінің бастығы ақша қаражатын иемденгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен  қаласының  №2  сотында  А-ға  қатысты  ҚР ҚК-нің 189- бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша (мемлекеттiк функцияларды  орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам  не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса) қылмыстық іс қаралды.

Қалалық  пошта  байланыс бөлімінің  бастығы лауазымына уақытша тағайындалған А., «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» бөлімінің кассасына  түскен «Кәмелеттік жасқа толмаған, бірге тұратын төрт не оданда көп балалары бар аналар» бағдарламасы бойынша үш тұлғаның  пособие алмағаны туралы мәліметтерді анықтағаны сотта белгілі болған. 

Осыған орай,  А. мүлікті талан-таражға салу мақсатында бухгалтерлік  құжаттарға  жоғарыда айтылған  тұлғалардың  ақшаны  алғандары  туралы    жалған  қолдарын  қойып,  дербес шоттан қаражатты шешіп, жеке мұқтаждығына жаратқан. Мемлекетке 97000 теңге  көлемінде шығын келтірген.

Сот үкімімен А. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз, өмір бойы  мемлекеттік мекемелерде және  жарғылық капиталында  мемлекет бөлігі  елу пайыздан асатын мекемелерде материалдық жауапты лауазымда  жұмыс жасай алмайтын жаза тағайындап, 5 жыл бас бостандығынан айрылатын болып, ҚР ҚК-нің 74 бабы 1 бөлігіне сай   бас бостандығынан айру жазасын өтеу 5 жылға кейінге қалдырылған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі