2017 жылдың 8 айындағы атқарылған сот жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Руслан  Омаровпен 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз маслихаты өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы соттың 8 айлық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Статистикалық мәліметтерге сай 2017 жылдың 8 айында сотпен 28 қылмыстық, 64 азаматтық және 82 әкімшілік істер қаралған. Істерді қараудың процессуалдық мерзімдері бұзылмаған. Медиация институтын қолдану арқылы 10 қылмыстық, 17 азаматтық және 23 әкімшілік істер қысқартылған. 

Бұдан басқа, аудандық сот мемлекеттік және басқа мекемелермен кездесулер жүргізіп, дөңгелек үстелдер, брифингтер, ашық есік күндері және сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған басқа да шаралар өткізді.   

Тұрақты негізде сот тәжірибесін жетілдіру бағытында жұмыс жалғасын табуда.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, сот төрағасы азаматтардың сот қызметіне және өткізіліп жатқан шаралар туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету сот жұмысының басты бағыттарының бірі екендігіне ерекше назар аударды.

 

 

Күршім ауданының № 2 аудандық

сотының баспасөз қызметі