Бесқарағай аудандық сотында «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотының төраға міндетін атқарушы А.Калиев «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараның мақсаты – Азаматтық процестік кодекстің 12 тарауының іс жүзінде қолданылуын талқылау болып табылады.                                                         

Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақтелеком» АҚ-ның өкілі А.Н.Кургамбаев, «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-ның Бесқарағай аудандық электр торабының директоры Ж.К.Мухамадиев,  «Бесқарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің басшысы М.Н.Борсукбаев және адвокат М.Манапов қатысты.                         

Төраға міндетін атқарушы А.Калиев өз баяндамасында сот бұйрығын шығару туралы арыз сотқа территориялық соттылық бойынша жалпы тәртіпте берілетінін, сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болатынын, арыз бойынша судья қабылдайтын сот актісі болып табылатанын атап өтті. Сот бұйрығын шығару мерзімі, сот бұйрығы бойынша өндіріп алу, өндіріп алушыға сот бұйрығын беру мен оны орындауға жолдау тәртібін түсіндірді. Сонымен бірге, азаматтық  істерді қарау барысында судьямен, медиатормен және адвокаттардың қатысуымен жүргізілетін татуластыру рәсімдерін қолданудың негізгі тәсілдері айтылды.                                                

Дөңгелек үстел  қатысушылары бұйрық арқылы іс жүргізу бойынша оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылды.                    

Төраға міндетін атқарушы А.Калиев шараны қорытындылай келе қатысушыларға алғысын білдірді.

 

Бесқарағай  аудандық сотының

баспасөз қызметі