Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының, 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет) бойынша құқық бұзушылық жасаған З.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта құқық бұзушы Р. кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу бойынша ата-ана міндеттерін орындамауы анықталды. Нәтижесінде жеткіншек бірнеше рет ұрлық жасап, жәбірленушілерге 129 000 теңгеге залал келтірген, Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-бөлігінің, 1,2,3, тармақтары бойынша қылмыс жасаған.  

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 127-бабы, 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі