ШҚО-да банк қызметкері алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен  қаласының  №2  сотында  С-қа  қатысты  ҚР ҚК-нің 190- бабы, 3-бөлігі, 1- тармағы (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке, ірі мөлшерде, құқықты иемдену) бойынша қылмыстық іс қаралды.

«Қазақстан   халық банкі» АҚ-ның  менеджер қызметін атқаратын С-ға екі танысы алаяқтық жасап ақшалай қаражатты ұрлауды ұсынған, С. бұған өз келісімін бергені сотта шыңдалды. Кейін С. жоғарыда аталған  таныстарынан, ақшаны аударуға қажетті жеке куәлік және банк шотының  номерін алдырған. Қылмыстық жоспарларын жүзеге асыра отырып, С. Банк жүйесіне еніп, ақша аударымына растау мен санкция беру үшін, шот иесінің қолын өзі қойып сұрау жіберген. Санкцияна алған соң, С. сол күні  4 000 000 теңге көлеміндегі ақшаны жоғарыда аталған шот иесінің есеп айырысу шотынан «Каспий Банк» АҚ филиалындағы басқа тұлғаның  есеп айырысу шотына аударып  С. ақшаны қолма-қолдандырып екі танысына тапсырған. Сотталушы келтірілген залалды толық көлемде қайтарған. Соттың басты отырысында екі жақ процессуалдық келісім жасады.

Сот  үкімімен С. алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылған. ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес жаза  шартты деп танылып, пробациялық қадағалауға алынған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі