Бесқарағай аудандық сотымен 2017 жылдың 8 айындағы нәтижелері қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі Л. Шахворостованың қатысуымен 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмысының нәтижесін қорытындылау мақсатымен сот төрағасы А.А.Абдрахмановтың төрағалық етуімен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасымен ұйымдастырылған осы іс-шараға судья А.Калиев,  кеңсе меңгерушісі М.Алимханова және соттың кеңсе мамандары қатысқан болатын.

Кездесу барысында А.Абдрахманов ұйымдастырылған іс-шараны ашып, қатысқан жергілікті «Бесқарағай тынысы» газетінің тілшісінің қатысуына алғыс айтып, 2017 жылдың 8 айындық аралығында Бесқарағай аудандық сотымен сот төрелігінің атқарылуы бойынша нәтижелері мен атқарылған іс-шаралар туралы ақпаратты баяндап берді.

Осыдан соң, сот төрағасы «Бесқарағай тынысы» газетінің тілшісі Л. Шахворостова баспасөз мәслихатының тақырыбына байланысты қойылған сауалдарына жауап беріп, 2017 жылдың 3 тоқсандығына жоспарланған «баспасөз мәслихаттары», «дөңгелек үстелдер», «ашық есік күні» сияқты іс-шаралары туралы хабарлап, осы іс-шараларға үлес қосып, қатысуларына өтініш білдірді.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі