Қылмыстық теріс қылықтары үшін қылмыстық жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма аудандық сотымен көлік құралдарын басқару құқығынан айрылған К. алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруы бойынша іс қаралып, айыптау үкімі шығарылды.

Сот тергеуінде анықталғандай, Жарма ауданының тұрғыны К., 2014 жылғы сот қаулысымен автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғандығы үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлікті басқару құқығынан 6 жылға айрылған. Бірақ, К. өзінің сот қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айрылғанын біле тұра, көлікті қайталап алкогольдік масаң күйінде басқарып, өзінің алдында бір бағытпен жүріп бара жатқан В.-ның басқаруындағы көліктің артқы жағынан қағып, жол көлік оқиғасына ұшыраған. Оқиға орынға келген полиция қызметкері А. көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғанын анықтаған. 

Сөйтіп, көлік құралдарын басқару құқығынан айрылған К. алкогольдік масаң күйде көлікті басқару әрекетімен қылмыстық теріс қылыққа жол берген. 

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасауда кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Жарма аудандық сотының

баспасөз қызметі