Архив событий

17/03/2017

Халықпен кездесуде Елбасы Жолдауы талқыланды

17/03/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Қаратал ауылдық округінде болып онда халықпен кездесу барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Елбасының Жолдауын түсіндіруге арналған іс-шара өткізді.

Халықпен кездесу барысында аудандық соттың төрағасы Б.Мергембаев Елбасының биылғы жылғы жолдауының мазмұнын баяндап, оның ерекшеліктеріне, мақсат-бағдарламаларына тоқталды.

Зайсан аудандық соты Қаратал ауылдың әкімшілік округінде қоғамдық ұйымдар белсенділерімен және кәсіпқой емес медиаторлармен пилоттық жоба бойынша семинарлық сабақ өткізді

17/03/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстару және талқылау мақсатында Қаратал ауылдық әкімшілік округінде болып, округтегі қоғамдық ұйым өкілерімен және кәсіпқой емес медиаторлармен семинарлық сабақ өткізді.  

Тарбағатай аудандық сотында жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алу бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытудың жобасы талқыланды

17/03/2017

Іс шараға Тарбағатай аудандық сотының судьялары, Тарбағатай ауданының прокуроры Б.Бекенов, аудандық жер бөлімінің бас маманы А.Оспанов, Тарбағатай ауданы бойынша  «Жер кадастрлық және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» бөлімінің бастығы Е.Мусин  қатысты.

Сақтандыру компанияларына сот актілерін «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

17/03/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Сақтандыру компанияларына «Сот актілерін «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдау  тәртібі» тақырыбында сот қызметкерлерімен семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына - кеңсе  меңгерушісі  Б.Р.Тоқтасынова, бас маман-А.К.Жанұзақова, бас  маман сот  мәжілісінің хатшылары А.А.Жакаева, Т.К.Закариянова  және сот приставы Ғ.Төлеухан қатысты.

Сот актісі орындалуымен құнды

17/03/2017

Тарбағатай аудандық сотында сот актілерінің орындалуына қатысты жергілікті сот орындаушыларымен  дөңгелек стол өткізілді. Аталған шараға Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот актілерін орындау бойынша Тарбағатай аумақтық бөлімі басшысы аға сот орындаушы С.Жалелбеков, жеке сот орындаушы А.Қалиахметов және аудандық соттың кеңсе мамандары қатысты.

Рақымшылық туралы заңды қолдану есебі тыңдалды

17/03/2017

Зайсан аудандық сотында пробация қызметі өкілдерің және аудандық прокурор көмекшісінің қатысуымен рақымшылық туралы заңға байланысты брифинг өткізілді.

Брифингте аталмыш мәселе бойынша атқарылған шаралар сөз болып, рақымшылық жасау туралы сотпен қаралған істердің деректері келтірілді.

Гендерлік саясаттың сұрақтары талқыланды

17/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың және сот мамандарының қатысуымен «Гендерлік саясат»  тақырыбында семинар сабағы өтті.

«Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция нормаларын  талқылау» тақырыбында судья Н.А.Жақсыбекова баяндама жасады. Еліміз адам құқықтары бойынша 20-дан астам шарттар мен конвенциялардың қатысушысы екенін атап көрсетті. Еліміздегі ерлер мен әйелдер теңдігі, балалар мен нәзік жандарды қорғау жайы сөз болды.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

17/03/2017

Бесқарағай аудандық соты азамат Д.Сембаевқа  қатысты әкімшілік іс қарады.  

Сотта істі қарау барысында, азамат Д.Сембаев алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндіргендігі анықталды. Осылайша, ол Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Азаматтың еңбекақыны алу құқығы қорғалды

17/03/2017

Семей қалалық сотында еңбекақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер ЖШС-не талап арызбен жүгіне келе, жобаларды басқару бойынша директордың орынбасары лауазымын атқарып жүргенін, 4 жыл бойы еңбекақысы есептеліп, кәсіпорнында қаражаттың жоқтығынан еңбекақының төленбегенін көрсеткен. Еңбекақы бойынша қарыздың сомасы 12 007 621 теңгені құрайды.

Қылмыстық іс қаралды

17/03/2017

 Риддер қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабының, 3-бөлімі, 1,3-тармақтарымен (алаяқтық, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, ірі көлемде бөтен мүлікті ұрлау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу) 7 адамды айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

«Жерді мемлекеттің мұқтажы үшін алып қою бойынша сот тәжірбиесіне жүргізілген қорытудың жобасын талқылау» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді

17/03/2017

Көкпекті  аудандық сотында  Көкпекті аудандық сотының төрағасы Ә.Бақытбекұлы «Жерді мемлекеттің мұқтажы үшін алып қою бойынша сот   тәжірбиесіне жүргізілген қорытудың жобасын талқылау» тақырыбына дөнгелек үстел өткізді.

Сот рақымшылық актісін қолдану туралы пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды

17/03/2017

Бесқарағай аудандық сотымен рақымшылық актісін қабылдау туралы бас бостандығын айыруға қатысты емес сотталғандар Д.Татаркин және Р.Махамедиевқа қатысты Бесқарағай  ауданы пробация қызметінің ұсынысы қаралды.      

Медиация – оңтайлы шешім

17/03/2017

Аягөз аудандық сотымен А.-ны ҚК-нің 385-бабының, 1,3-бөліктерімен (Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не мұндай құжатты өткiзу, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттiк наградаларын дайындау немесе өткізу, көрiнеу жалған құжатты пайдалану) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.